Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Ашық сабақ: «Өзгелік етіс. Тоғызқұмалақ»
11
февраль
2026
Ашық сабақ: «Өзгелік етіс. Тоғызқұмалақ»
11.02.2026ж.Қоғамдық-гуманитарлық кафедра онкүндігі аясында 6 «Б» сыныбында қазақ тілі пәнінен «Өзгелік етіс. Тоғызқұмалақ»  тақырыбында ашық сабақ өтті. 🔹Сабақтың мақсаты – етістіктің етіс түрлерін, соның ішінде өзгелік етісті меңгерту, олардың тіркесімдік мүмкіндігін ауызша және жазбаша тілдесім барысында тиімді қолдануға дағдыландыру болды. 🔹Сабақ барысында оқушылар грамматикалық тапсырмаларды орындап қана қоймай, ұлттық құндылығымыз – тоғызқұмалақ ойынымен байланыстырылған қызықты жұмыстар
Конституциялық реформа аясында түсіндірме жұмыстары жүргізілді
11
февраль
2026
Конституциялық реформа аясында түсіндірме жұмыстары жүргізілді
2026 – Конституциялық реформа аясында түсіндірме жұмыстары М. Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейінде педагогикалық ұжымға арналған түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Жиын барысында «Әділеттілік, заң және тәртіп: Жаңа Конституция қандай құндылықтарды бекітеді» тақырыбы кеңінен талқыланды.
Рухани әсерге толы күн
10
февраль
2026
Рухани әсерге толы күн
Рухани әсерге толы күн 🎬 10.02.2026ж. М. Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейдің 10 «Ә» сынып оқушылары «Тастамашы ана» фильміне барып, ерекше әсер алып қайтты. Фильм оқушыларды терең ойға жетелеп, бала жүрегімен сезінуге мүмкіндік берді. Әсіресе Ілиястың тағдыры, балалар үйіндегі өмірі, жалғыздық пен үміттің қатар өрілуі көрермендерді бей-жай қалдырмады. Оқушылар ата-ананың қадірін түсініп, отбасының маңызын тағы бір мәрте жүрекпен сезінді. Кейіпкердің қандай қиындық болса да мойымай,
Әскери оқу орындарына түсуге үгіт-насихат жұмыстары
10
февраль
2026
Әскери оқу орындарына түсуге үгіт-насихат жұмыстары
10.02.2026 ж. Бостандық ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен жалпы білім беретін мектептердің 10-сынып оқушылары арасында ҚР ҚМ әскери оқу орындарына түсуге үгіт-насихат жұмыстары өткізілді. Аталған іс-шараға М. Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицей оқушылары да белсенді қатысып, әскери мамандықтар туралы кеңінен ақпарат алды. Кездесу барысында әскери оқу орындарына түсу талаптары, мамандық ерекшеліктері мен болашақ мүмкіндіктері таныстырылды. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын
7 «Д» сыныбы «Тастамашы ана» киносын тамашалады
10
февраль
2026
7 «Д» сыныбы «Тастамашы ана» киносын тамашалады
10.02.2026ж. 7 «Д» сыныбы сынып жетекшісі Арайлым Икрамқызымен бірге «Тастамашы ана» киносына барып қайтты. Кино оқушыларға ерекше әсер сыйлап, жүректеріне терең ой салды. Ана махаббатының шексіз екенін ұғынып, ата-ананың қадірін түсінудің маңыздылығын сезінді. Сондай-ақ, шынайы достықтың қандай болатыны жайлы ой түйіп, адамгершілік құндылықтардың мәнін тағы бір мәрте ұқты. Осындай тәрбиелік мәні зор шаралар жас ұрпақтың рухани дамуына үлкен үлес қосады. 
Қалалық «Жырлайды жүрек» байқауы
10
февраль
2026
Қалалық «Жырлайды жүрек» байқауы
Жырлайды жүрек – жырмен өрілген жеңіс! ✨ Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына арналған қалалық «Жырлайды жүрек» байқауында 6 «А» сынып оқушысы Аққұл Раяна жүлделі 🥉ІІІ орынға ие болды!  Раяна поэзия әлеміне терең бойлап, Мұқағали жырларын жүрекпен жеткізе білді. Оның сахнадағы шынайылығы мен мәнерлі оқуы көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. 💫 👩‍🏫 Жетекшісі: Мунасаева Рая Нұрқызы Жас дарынға шығармашылық табыс, биік белестер тілейміз!  Жырдан қуат алып, талай байқауларда топ жарып жүре берсін!