Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Өндірістік жиналыс
23
февраль
2026
Өндірістік жиналыс
М.Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейінде өндірістік жиналыс өтті! Бүгін лицейімізде кезекті өндірістік жиналыс ұйымдастырылып, маңызды мәселелер талқыланды. Жиналыста оқу процесін жетілдіру, жаңа жобаларды іске асыру және студенттердің шығармашылық белсенділігін арттыру бағытындағы жоспарлар қаралды. Барша қатысушыларға белсенді қатысқандары үшін алғыс айтамыз! 💼✨
14 ақпан – Халықаралық кітап сыйлау күні
20
февраль
2026
14 ақпан – Халықаралық кітап сыйлау күні
14 ақпан – Халықаралық кітап сыйлау күні ❤️ 7 «Д» сынып оқушылары ата-аналарымен және сынып жетекшісі Айман Арайлыммен бірге лицей кітапханасында өткен «Шын жүректен кітап сыйла» акциясына белсенді түрде қатысты. Кітап – білімнің кілті, рухани қазына. Осындай игі шара арқылы оқушылар бір-біріне қуаныш сыйлап, кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттырды. 7 «Д» сыныбы бұл игі бастаманы жалғастыру мақсатында 7 «А» сыныбына челлендж жолдайды!
№3 Ғылыми-әдістемелік кеңес өткізілді.
19
февраль
2026
№3 Ғылыми-әдістемелік кеңес өткізілді.
№3 Ғылыми-әдістемелік кеңес өткізілді. Кеңес барысында ДОЖЖО Абылқасым М.Б. 7–11 сынып оқушыларының бейін пәндері бойынша білім сапасының мониторингі нәтижелерімен таныстырды. Ал ДБЖЖО Тұрсынбекова А.Б. пәндік олимпиада, ғылыми жоба және интеллектуалдық марафондардың қорытындылары бойынша талдау жасады. Сонымен қатар, аттестациядан өтетін мұғалімдер өз тәжірибелерімен бөлісті. Ағылшын тілі пәні мұғалімдері Ақбас Жания Мағауияқызы мен Қарсақбай Зарина Әлібекқызы функционалдық сауаттылық пен
«TechArt» байқауы
19
февраль
2026
«TechArt» байқауы
Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткен қалалық «TechArt» байқауында 📱мобилография бағыты бойынша: 9 «Б» сынып оқушылары: 1)Мадениет Айғаным 2)Мамбетжан Сафия 🥈 II орын иеленді! Оқушыларымызды жарқын жеңісімен құттықтаймыз! Шығармашылық табыс, биік белестер тілейміз!  👨‍🏫 Жетекшісі: Рахимов Жанболат
Іс-шара: «Академияға 10 жыл: патриотизм мен көшбасшылықтың шыңына апарар жол!»
18
февраль
2026
Іс-шара: «Академияға 10 жыл: патриотизм мен көшбасшылықтың шыңына
2026 жылдың 17–18 ақпан күндері Балдәурен республикалық оқу-сауықтыру орталығы базасында өткен «Академияға 10 жыл: патриотизм мен көшбасшылықтың шыңына апарар жол!» атты ауқымды іс-шараға лицей оқушылары қатысты 🇰🇿 📍 Іс-шара Щучинск қаласында ұйымдастырылып, Алматы қаласынан арнайы барған оқушылар Академия күнін салтанатты түрде атап өту рәсіміне белсене қатысты. 🏅 Сонымен қатар, лицей оқушылары «Жас патриот» төсбелгісімен марапатталды. Жас патриоттарымызды шын жүректен құттықтаймыз! Елін
Іс-шара: “Астарын ақтарайық”
18
февраль
2026
Іс-шара: “Астарын ақтарайық”
Лицейімізде 8-сыныптар арасында “Тастамашы, Ана” шығармасын оқу өткізілді! 8-сынып оқушылары Айгиз Баймұхамедовтың “Тастамашы, Ана” шығармасын оқып, алған әсерлерін қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мейрамкуль Назарбекованың ұйымдастыруымен өткен “Астарын ақтарайық” іс-шарасында бөлісті. 💡 Шығарма жас ұрпақты адамгершілікке, мейірімділікке, ата-ана қадірін түсінуге тәрбиелейді. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларға ана мейірімінің шексіздігін, ата-ананың бала өміріндегі орнын ұғындыру,