Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Сурет көрмесі
05
май
2026
Сурет көрмесі
«Жеңіс күні – бейбіт өмір кепілі» Қағаз бетінде – бояу, ал жүректе – тарихтың ізі… Лицей оқушылары өз қиялдары арқылы Ұлы Жеңістің рухын, бейбіт өмірдің қадірін және ерлікке деген құрметті сурет тілімен жеткізді. Әр туынды – үнсіз сөйлейтін естелік, бейбіт күнге деген алғыс. 👩🏻‍💼 Жетекшісі: Тулибаева Жадыра
Физика-информатика айлығы аясындағы ерекше сәт
03
май
2026
Физика-информатика айлығы аясындағы ерекше сәт
Физика-информатика айлығы аясындағы ерекше сәт ✨🔭 Физика пәні мұғалімдерімен бірге 9-сынып оқушылары телескоп арқылы Айдың бетіндегі қыртыстарды бақылаған сәт 🌙 Ғарыш әлеміне бір қадам жақындап, ғылымның сұлулығын өз көздерімен көрді. Оқушылардың қызығушылығы мен таңданысы — біздің ең үлкен жетістігіміз 💫 Осындай тәжірибелер білімге деген құштарлықты арттыра түседі!
Көрме: "Ахмет Жұбановтың туғанына 120 жыл"
08
апрель
2026
Көрме: "Ахмет Жұбановтың туғанына 120 жыл"
9 «Б»сынып оқушылары Орталық музейге барып, Ахмет Жұбановтың туғанына 120 жыл толуына орай ұйымдастырылған көрмені тамашалады. Оқушылар қазақ музыка өнерінің көрнекті тұлғасының өмірі мен шығармашылығымен танысып, рухани азық алып қайтты. Мұндай мәдени шаралар жас ұрпақтың өнерге деген қызығушылығын арттырып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге үлкен үлес қосады. ✨ Танымға толы әсерлі күн болды!
Гроссмейстер Дәрмен Қанатұлы Сәдуақасовтың арнайы шеберлік сағаты
07
апрель
2026
Гроссмейстер Дәрмен Қанатұлы Сәдуақасовтың арнайы шеберлік сағаты
«Қазақстан» қонақ үйіндегі ерекше кездесу: №92 лицей оқушылары гроссмейстерден дәріс алды Алматы қаласының символына айналған зәулім «Қазақстан» қонақ үйінің салтанатты залында Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицей оқушылары үшін айтулы шара өтті. Лицейдің жас зияткерлері әлемге танымал шахматшы, халықаралық гроссмейстер Дәрмен Қанатұлы Сәдуақасовтың арнайы шеберлік сағатына (мастер-класс) қатысты. «Қазақстан» қонақ үйінде өткен бұл кездесу оқушылар үшін жай ғана сабақ емес, үлкен
Шахмат үйірмесі
31
март
2026
Шахмат үйірмесі
31.03.2026ж.М. Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейде шахмат үйірмесі өткізілді♟️ Үйірме барысында оқушылар шахматтың негізгі ережелерін қайталап, түрлі тактикалық тәсілдерді меңгерді. Қатысушылар өзара ойын өткізіп, логикалық ойлау қабілеттерін дамытты. Шахмат – тек ойын ғана емес, ол сабырлылық пен стратегиялық ойлауды қалыптастыратын ерекше өнер. Осындай үйірмелер арқылы оқушылардың зияткерлік деңгейі артып, қызығушылығы одан әрі дамуда. Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз! 
Сейсмотренировкалық жаттығу өткізілді
18
март
2026
Сейсмотренировкалық жаттығу өткізілді
Азаматтық қорғаныс күніне орай мектебімізде сейсмотренировкалық жаттығу өткізілді! 🏫 Оқушылар мен мұғалімдер төтенше жағдай кезіндегі қауіпсіздік ережелерін тәжірибе жүзінде пысықтады. Жаттығу барысында жер сілкінісі кезінде дұрыс әрекет ету, эвакуация жолдары және алғашқы көмек көрсету дағдылары көрсетілді. ⛑️ Мұндай іс-шаралар оқушылардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастырып, кез келген жағдайға дайын болуға үйретеді.
Шахмат үйірмесі
24
февраль
2026
Шахмат үйірмесі
24.02.2026 ж. Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейде шахмат үйірмесі өткізілді. 🎯 Үйірме барысында оқушылар логикалық ойлау қабілеттерін дамытып,♜ стратегия құруды,дұрыс шешім қабылдауды,өзара сыйластық пен тәртіпті сақтауды үйренді. ♟️ Шахмат — зейін мен шыдамдылықты арттыратын, ой-өрісті кеңейтетін ерекше зияткерлік ойын. ✨ Осындай пайдалы үйірмелер оқушылардың жан-жақты дамуына үлкен үлес қосады!
Іс-шара: “Астарын ақтарайық”
18
февраль
2026
Іс-шара: “Астарын ақтарайық”
Лицейімізде 8-сыныптар арасында “Тастамашы, Ана” шығармасын оқу өткізілді! 8-сынып оқушылары Айгиз Баймұхамедовтың “Тастамашы, Ана” шығармасын оқып, алған әсерлерін қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мейрамкуль Назарбекованың ұйымдастыруымен өткен “Астарын ақтарайық” іс-шарасында бөлісті. 💡 Шығарма жас ұрпақты адамгершілікке, мейірімділікке, ата-ана қадірін түсінуге тәрбиелейді. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларға ана мейірімінің шексіздігін, ата-ананың бала өміріндегі орнын ұғындыру,
Шахмат үйірмесі
17
февраль
2026
Шахмат үйірмесі
17.02.2026 ж. Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейде шахмат үйірмесі өткізілді. 🎯 Үйірме барысында оқушылар логикалық ойлау қабілеттерін дамытып,♜ стратегия құруды,дұрыс шешім қабылдауды,өзара сыйластық пен тәртіпті сақтауды үйренді. ♟️ Шахмат — зейін мен шыдамдылықты арттыратын, ой-өрісті кеңейтетін ерекше зияткерлік ойын. ✨ Осындай пайдалы үйірмелер оқушылардың жан-жақты дамуына үлкен үлес қосады!
10–11 сынып оқушыларына арналған профилактикалық кездесу
19
декабрь
2025
10–11 сынып оқушыларына арналған профилактикалық кездесу
19.12.2025 ж. Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейде 10–11 сынып оқушыларына арналған маңызды профилактикалық кездесу өтті. 👮‍♀️ Лицей инспекторы Ибрагимова Айдана Қайратқызы «Құқықтық мемлекеттің басты қағидасы – заңға бағыну» тақырыбында оқушылармен мазмұнды әңгіме жүргізді. 📌 Кездесу барысында: Заңды сақтаудың маңыздылығы Құқық бұзушылықтың алдын алу Жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттері туралы кеңінен түсіндірілді. ✨ Мұндай кездесулер оқушылардың құқықтық сауаттылығын
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 ... 21 Вперед