Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
16
декабрь
2024

Лицей ұстаздарының құттықтауы

Сіздерді еліміздің ең ұлы мерекесі – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Тәуелсіздік – халқымыздың сан ғасырлар бойы аңсаған арманы, баға жетпес байлығы. Бұл күн – ата-бабамыздың ерлігі мен қажыр-қайратының жемісі, бүгінгі ұрпақтың мақтанышы мен болашағының кепілі.
Сіздер, құрметті ұстаздар, тәуелсіз елдің білімді, рухы биік ұрпағын тәрбиелеу жолында аянбай еңбек етіп келесіздер. Сіздердің әр шәкіртіңіз – еліміздің жарқын болашағының іргетасы. Сіздердің тынымсыз еңбектеріңіздің арқасында Отанымыздың ертеңі нық және сенімді болары сөзсіз.
Тәуелсіз еліміз әрдайым гүлденіп, бейбіт аспан астында жаңа белестерге жете берсін! Сіздерге зор денсаулық, қажымас қайрат және отбасыларыңызға амандық тілейміз!
Тәуелсіздік тұғырымыз, бірлігіміз – тірегіміз!