Оқушымыз қаңтар ҰБТ бойынша үздік нәтиже көрсетті
Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейдің 11 «А» сынып оқушысы Миятқызы Мереке қаңтар айындағы ҰБТ нәтижесі бойынша 134 балл жинап, жоғары нәтиже көрсетті. Жоғары білім мен табандылықтың арқасында шәкіртіміз үлкен жетістікке жетіп, Дубай қаласына жолдама ұтып алды. ✈️🏆 Бұл – лицейіміз үшін зор мақтаныш! Мерекеге алдағы білім жолында толағай табыстар мен жаңа белестер тілейміз!