Шахмат үйірмесі
24.02.2026 ж. Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейде шахмат үйірмесі өткізілді. 🎯 Үйірме барысында оқушылар логикалық ойлау қабілеттерін дамытып,♜ стратегия құруды,дұрыс шешім қабылдауды,өзара сыйластық пен тәртіпті сақтауды үйренді. ♟️ Шахмат — зейін мен шыдамдылықты арттыратын, ой-өрісті кеңейтетін ерекше зияткерлік ойын. ✨ Осындай пайдалы үйірмелер оқушылардың жан-жақты дамуына үлкен үлес қосады!