Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
10
февраль
2026

Рухани әсерге толы күн

Рухани әсерге толы күн 🎬
10.02.2026ж. М. Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейдің 10 «Ә» сынып оқушылары «Тастамашы ана» фильміне барып, ерекше әсер алып қайтты.
Фильм оқушыларды терең ойға жетелеп, бала жүрегімен сезінуге мүмкіндік берді. Әсіресе Ілиястың тағдыры, балалар үйіндегі өмірі, жалғыздық пен үміттің қатар өрілуі көрермендерді бей-жай қалдырмады. Оқушылар ата-ананың қадірін түсініп, отбасының маңызын тағы бір мәрте жүрекпен сезінді.
Кейіпкердің қандай қиындық болса да мойымай, үмітін үзбеуі – үлкен өмірлік сабақ болды. Фильм мейірімділікке, сабырлылыққа, адамгершілікке тәрбиелейді. Кей тұстары көзге жас үйіріп, ана мен бала арасындағы байланыстың құдіретін айқын көрсетті.
Осындай тағылымы мол туындылар жас ұрпақтың рухани дамуына үлкен әсер етеді деп сенеміз. 🤍
👩🏻‍💻Сынып жетекшісі: Рсалиева Асем Айдарқызы