14 ақпан – Халықаралық кітап сыйлау күні
14 ақпан – Халықаралық кітап сыйлау күні ❤️ 7 «Д» сынып оқушылары ата-аналарымен және сынып жетекшісі Айман Арайлыммен бірге лицей кітапханасында өткен «Шын жүректен кітап сыйла» акциясына белсенді түрде қатысты. Кітап – білімнің кілті, рухани қазына. Осындай игі шара арқылы оқушылар бір-біріне қуаныш сыйлап, кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттырды. 7 «Д» сыныбы бұл игі бастаманы жалғастыру мақсатында 7 «А» сыныбына челлендж жолдайды!