Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
ҚЫЗДАР ЖИНАЛЫСЫ
22
апрель
2026
ҚЫЗДАР ЖИНАЛЫСЫ
Сәуір айының 22-күні лицейімізде қыз балаларға денсаулыққа жауапкершілікпен қарауды түсіндіру, жеке гигиена дағдыларын қалыптастыру және репродуктивті денсаулық туралы білім беру арқылы өзін құрметтеу мен саналы таңдау жасау қабілетін дамыту мақсатында «Өзіңді құрметтеу – денсаулықтан басталады» тақырыбында қыздар жиналысы өтті.          Жиналыс барысында лицейдің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Куандыкова А.С қыз балаларға қоғамдық ортада өзін дұрыс ұстау мәдениеті, әдептілік қағидалары,
#БУЛЛИНГТІ тоқтатыңыз жобасы аясында жүргізілген жұмыс
17
март
2026
#БУЛЛИНГТІ тоқтатыңыз жобасы аясында жүргізілген жұмыс
Лицейде білім алушылар арасында жағымды психологиялық орта қалыптастыру және буллингтің алдын алу мақсатында психолог тарапынан профилактикалық жұмыс жүргізілді. Жұмыс барысында оқушыларға буллинг ұғымы, оның түрлері, себептері мен салдары туралы түсіндірме берілді. Қатысушылар өзара сыйластық, қолдау көрсету, жанашырлық таныту, жанжалдарды бейбіт жолмен шешу дағдыларын дамытуға бағытталған тапсырмалар
«Досбол LIKE» акциясы аясында жүргізілген жұмыс
03
март
2026
«Досбол LIKE» акциясы аясында жүргізілген жұмыс
2026 жылдың наурыз айында лицей оқушылары «Досбол LIKE» акциясы аясында «Құрмет – қарым-қатынастың көркі » тақырыбында бейнеролик түсірді. Аталған жұмыс білім алушылардың адамгершілік құндылықтарын дамытуға, бір-біріне, үлкендерге және қоғамға құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыруға бағытталды. Бейнеролик барысында оқушылар күнделікті өмірдегі сыйластық, әдептілік, өзара қолдау көрсету, ізгі қарым-қатынас жасау сияқты маңызды қасиеттерді көркем түрде бейнеледі. Жүргізілген жұмыс оқушылардың
10-сынып оқушыларымен жүргізілген тренинг
16
февраль
2026
10-сынып оқушыларымен жүргізілген тренинг
        Лицей психологтары оқушылардың эмоционалды интеллектін дамыту, өз эмоцияларын тану, түсіну және басқару дағдыларын қалыптастыру, сондай-ақ өзгелердің эмоциялық жағдайын дұрыс қабылдап, эмпатиялық қарым-қатынас орната білуге бағыттау мақсатында  «Эмоция әлемі: Өзімді тану – өзгені түсіну» тақырыбында 10-сынып оқушыларына тренинг жүргізді.         Эмоциялар – бұл адамның қоршаған ортаға деген қатынасын білдіретін күрделі психологиялық және физиологиялық үдерістер. Олар белгілі бір
11-сынып оқушыларымен жүргізілген тренинг
06
февраль
2026
11-сынып оқушыларымен жүргізілген тренинг
Лицей психологтары 11 «А»  сынып   оқушыларының емтихан алдындағы мазасыздық деңгейін төмендету, өзіне деген сенімділігін арттыру және стресске төзімділік дағдыларын қалыптастыру мақсатында  «Сәттілікке бастар жол»  тақырыбында тренинг жүргізді. 📋 Тренингтің барысы:  1.    «Менің көңіл-күйім» жаттығуы: Тренингтің шымылдығы оқушылардың ағымдағы эмоционалдық жағдайын анықтаудан басталды. Бұл кезеңде қатысушылар өздерінің ішкі сезімдерін бөлісіп, топта жағымды, сенімді ахуал
5-11 сынып оқушыларына психологиялық қолдау көрсету
23
январь
2026
5-11 сынып оқушыларына психологиялық қолдау көрсету
Алматы қаласы Білім Басқармасының «Психологиялық қолдау орталығы» ұйымдастыруымен лицей педагог-психологтары 5–10 сынып оқушыларына арналған психологиялық қолдау іс-шарасын өткізді. Іс-шара барысында оқушыларға  психологиялық жадынама таратылып,  қобалжуды азайтуға арналған қарапайым тыныс алу әдістері үйретілді,  эмоционалдық жай-күйді тұрақтандыру бойынша пайдалы ұсыныстар мен кеңестер берілді. 11-сынып оқушыларына Ұлттық бірыңғай тестілеуге психологиялық дайындықты арттыру мақсатында
Инпектормен жұмыс
19
январь
2026
Инпектормен жұмыс
Лицей аумағында құқық бұзушылықтың алдын алу, оқушылардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру және жат ағымдардың әсерінен қорғау мақсатында лицей психологтары мен инспекторы лицейді аралап оқушыларға түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Лицей аралау (рейд) барысында оқушылармен келесі бағыттар бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді: •    Қоғамдық ортадағы тәртіп: Оқушыларға қоғамдық орындарда және білім ордасында өзін-өзі ұстау этикасы, мектеп ішкі тәртібіне бағынудың маңыздылығы
9-сынып оқушыларымен жүргізілген тренинг
19
январь
2026
9-сынып оқушыларымен жүргізілген тренинг
Лицей психологтары 9-сынып оқушыларымен жасөспірімдер арасындағы буллинг (қорқыту, кемсіту) мәселесінің алдын алу және оның зияны туралы ақпараттандыру, оқушылардың эмпатиясын (өзгелерді түсіну қабілетін) дамыту және сыныпта жағымды психологиялық ахуал орнату мақсатында «Буллингсіз аймақ: Біздің таңдауымыз» тақырыбында трениг жүргізді.   Тренинг барысында оқушылар «Сергіту сәті», «Ақ қар», «Шар лақтыру және пазл құрастыру,  «Алақан-жұдырық» жаттығуы (Эмоцияны басқару)  сияқты ойындар мен
10-сынып оқушыларымен жүргізілген тренинг
14
январь
2026
10-сынып оқушыларымен жүргізілген тренинг
Лицей психологтары 10"В" сынып оқушыларымен оқушылардың бір-біріне құрметпен қарау, сенім мен қолдауды арттыру, жағымсыз қарым-қатынастың алдын алу және ынтымақтастық дағдыларын дамыту мақсатында «Жағымды орта – жарқын болашақ» тақырыбында психологиялық тренинг жүргізілді.          Тренинг барысында оқушылар топқа бөлініп, «Сергіту сәті», «Пазл», «Бөтелке ішіндегі сөз», «Логикалық сұрақтар», «Суретке қарап логикасын тап», «Жылы лебіз» сияқты ойындар мен жаттығулар орындады. Әр жаттығуда
8-сынып оқушыларымен жүргізілген тренинг
12
январь
2026
8-сынып оқушыларымен жүргізілген тренинг
Лицей психологтары 8 "Ә" сынып оқушыларымен оқушыларға эмоция түрлерін таныту, өз сезімдерін тану және түсіну дағдыларын қалыптастыру, эмоцияларын қауіпсіз әрі дұрыс жолмен басқаруға үйрету, өзін-өзі реттеу қабілетін дамыту мақсатында  «Эмоциялар және оларды басқару» тақырыбында тренинг өткізді. Тренинг барысында интерактивті жаттығулар, топтық жұмыс және пікір алмасу жүргізілді. Оқушылар эмоциялардың мінез-құлыққа әсерін түсініп, жағымсыз эмоцияларды басқарудың тиімді тәсілдерімен танысты.
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 ... 15 Вперед