Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Іс-шара: «Академияға 10 жыл: патриотизм мен көшбасшылықтың шыңына апарар жол!»
18
февраль
2026
Іс-шара: «Академияға 10 жыл: патриотизм мен көшбасшылықтың шыңына
2026 жылдың 17–18 ақпан күндері Балдәурен республикалық оқу-сауықтыру орталығы базасында өткен «Академияға 10 жыл: патриотизм мен көшбасшылықтың шыңына апарар жол!» атты ауқымды іс-шараға лицей оқушылары қатысты 🇰🇿 📍 Іс-шара Щучинск қаласында ұйымдастырылып, Алматы қаласынан арнайы барған оқушылар Академия күнін салтанатты түрде атап өту рәсіміне белсене қатысты. 🏅 Сонымен қатар, лицей оқушылары «Жас патриот» төсбелгісімен марапатталды. Жас патриоттарымызды шын жүректен құттықтаймыз! Елін
Іс-шара: “Астарын ақтарайық”
18
февраль
2026
Іс-шара: “Астарын ақтарайық”
Лицейімізде 8-сыныптар арасында “Тастамашы, Ана” шығармасын оқу өткізілді! 8-сынып оқушылары Айгиз Баймұхамедовтың “Тастамашы, Ана” шығармасын оқып, алған әсерлерін қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мейрамкуль Назарбекованың ұйымдастыруымен өткен “Астарын ақтарайық” іс-шарасында бөлісті. 💡 Шығарма жас ұрпақты адамгершілікке, мейірімділікке, ата-ана қадірін түсінуге тәрбиелейді. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларға ана мейірімінің шексіздігін, ата-ананың бала өміріндегі орнын ұғындыру,
“Фаворит” шахмат клубында өткен 2-разрядқа іріктеу турнирі
18
февраль
2026
“Фаворит” шахмат клубында өткен 2-разрядқа іріктеу турнирі
“Фаворит” шахмат клубында өткен 2-разрядқа іріктеу турнирінде М.Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейдің оқушысы Сарбопин Темірхан 2-разряд нормасын орындады! 🥈 9 ұпайдың 8-ін жинап, турнирде 2-орын иеленді. 〽️Лицей директоры Шажабаева Кульжан Сауытовна Темірханды осы жетістігімен құттықтап, алдағы жарыстарда да табысқа жетуіне тілектестік білдірді! 🌟 Мектебіміздің абыройын асқақтатып жүрген шәкіртімізге сәттілік тілейміз!
Конькимен жүгіру спортынан ҚР-ның жеке-командалық чемпионаты
18
февраль
2026
Конькимен жүгіру спортынан ҚР-ның жеке-командалық чемпионаты
19.01–07.02.2026 ж. Қостанай қаласында өткен спорт ұйымдары оқушылары арасындағы конькимен жүгіру спортынан Қазақстан Республикасының жеке-командалық чемпионатында М.Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейдің 8 «Ә» сынып оқушысы Бакитжан Арнұр орта жас ерекшелігі бойынша жоғары нәтиже көрсетіп, Қазақстан Республикасы чемпионатында: 🥇 1 алтын 🥈 2 күміс 🥉 1 қола жүлдені иеленді. 〽️Лицей директоры Шажабаева Кульжан Сауытовна жас спортшымызды зор жетістігімен құттықтап, алдағы жарыстарда да биік