Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
19
февраль
2026

№3 Ғылыми-әдістемелік кеңес өткізілді.

№3 Ғылыми-әдістемелік кеңес өткізілді.
Кеңес барысында ДОЖЖО Абылқасым М.Б. 7–11 сынып оқушыларының бейін пәндері бойынша білім сапасының мониторингі нәтижелерімен таныстырды. Ал ДБЖЖО Тұрсынбекова А.Б. пәндік олимпиада, ғылыми жоба және интеллектуалдық марафондардың қорытындылары бойынша талдау жасады.
Сонымен қатар, аттестациядан өтетін мұғалімдер өз тәжірибелерімен бөлісті. Ағылшын тілі пәні мұғалімдері Ақбас Жания Мағауияқызы мен Қарсақбай Зарина Әлібекқызы функционалдық сауаттылық пен сөйлеу, жазу дағдыларын дамыту бағытындағы жұмыстарын таныстырды.
Қазақ тілі мен әдебиеті, математика, биология, көркем еңбек пәні мұғалімдері мен педагог-психолог заманауи оқыту, цифрлық білім беру, ұлттық құндылықтар және психологиялық қолдау бағытындағы тәжірибелерімен бөлісті.
Іс-шара педагогтердің кәсіби тәжірибе алмасуына және білім сапасын арттыруға бағытталды.