Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
03
март
2026

«Досбол LIKE» акциясы аясында жүргізілген жұмыс

2026 жылдың наурыз айында лицей оқушылары «Досбол LIKE» акциясы аясында «Құрмет – қарым-қатынастың көркі» тақырыбында бейнеролик түсірді. Аталған жұмыс білім алушылардың адамгершілік құндылықтарын дамытуға, бір-біріне, үлкендерге және қоғамға құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыруға бағытталды. Бейнеролик барысында оқушылар күнделікті өмірдегі сыйластық, әдептілік, өзара қолдау көрсету, ізгі қарым-қатынас жасау сияқты маңызды қасиеттерді көркем түрде бейнеледі. Жүргізілген жұмыс оқушылардың қоғамдағы мәдени қарым-қатынас нормаларын түсінуіне ықпал етіп, құрмет көрсету – тұлғаның маңызды қасиеттерінің бірі екендігін ұғындыруға мүмкіндік берді.