Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Коучинг-сессиян: «Оқушы мен мұғалім арасындағы сенімді қарым-қатынас құру»
22
январь
2026

Коучинг-сессиян: «Оқушы мен мұғалім арасындағы сенімді қарым-қатынас құру»

2026 жылдың 22 қаңтарында ДҒӘЖЖО Н.С.Рахманкуловнаның ұйымдастыруымен
«Озық тәжірибе мектебінің» мұғалімдері: Утегенова А.А., Матаева К.О. «Оқушы мен мұғалім арасындағы сенімді қарым-қатынас құру» тақырыбында коучинг-сессия өткізді..
Коучинг-сессияның мақсаты:
Оқушы мен мұғалім арасындағы өзара сенімге негізделген қарым-қатынастың маңызын түсіндіру, ашық диалог, сыйластық пен түсіністік мәдениетін қалыптастыру, білім беру процесінде жағымды психологиялық ортаны дамыту.
Міндеттері:
* «Сенім» ұғымының мәнін ашу;
* Мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты жақсарту жолдарын анықтау;
* Қиын жағдайларда тиімді қарым-қатынас орнату дағдыларын дамыту;
* Өзара құрмет пен жауапкершілікті қалыптастыру.
Коучинг-сессияның өту барысы
Коучинг-сессия кіріспе бөлімінен басталды. Қатысушылармен жылы психологиялық ахуал қалыптастыру мақсатында шағын жаттығу жүргізілді. «Сенім деген не?» сұрағы арқылы қатысушылардың ой-пікірлері тыңдалып, тақырыпқа қызығушылық оятылды.