14
январь
2026
10-сынып оқушыларымен жүргізілген тренинг
Лицей психологтары 10"В" сынып оқушыларымен оқушылардың бір-біріне құрметпен қарау, сенім мен қолдауды арттыру, жағымсыз қарым-қатынастың алдын алу және ынтымақтастық дағдыларын дамыту мақсатында «Жағымды орта – жарқын болашақ» тақырыбында психологиялық тренинг жүргізілді.
Тренинг барысында оқушылар топқа бөлініп, «Сергіту сәті», «Пазл», «Бөтелке ішіндегі сөз», «Логикалық сұрақтар», «Суретке қарап логикасын тап», «Жылы лебіз» сияқты ойындар мен жаттығулар орындады. Әр жаттығуда оқушылардың бір-бірін тыңдай білуі, қолдау көрсетуі, ортақ шешім қабылдауы және өзара құрмет көрсетуі басты назарда болды. Тренингке қатысқан оқушылар достық қарым-қатынастың, бірлік пен сенімнің сыныптағы жағымды орта қалыптастырудағы маңыздылығын түсінді. Жағымды қарым-қатынас пен ынтымақтастық буллингтің алдын алудың ең тиімді жолы екені айқындалды.