09
январь
2026
7-сынып оқушыларымен жүргізілген тренинг
Лицей психологтары 7"Д" сынып оқушыларымен оқушылар арасында өзара сыйластықты қалыптастыру, тиімді қарым-қатынас жасау дағдыларын дамыту, бір-бірінің пікірін тыңдай білуге, түсінуге және құрметпен қарым-қатынас орнатуға үйрету мақсатында «Құрмет – қарым-қатынастың айнасы» тақырыбында тренинг жүргізді.
Тренинг барысында оқушылардың қарым-қатынас мәдениетін арттыруға бағытталған жаттығулар, топтық жұмыс және пікір алмасу жүргізілді. Оқушылар өз ойларын еркін жеткізіп, өзгелердің көзқарасын қабылдауға, эмоцияларын дұрыс білдіруге машықтанды. Іс-шара оқушылардың белсенді қатысуымен өтіп, тренинг соңында өзара түсіністік пен сыйластықтың маңыздылығы туралы қорытынды жасалды. Тренинг оқушылар арасындағы жағымды психологиялық ахуалды нығайтуға ықпал етті.