8-сынып оқушыларымен жүргізілген тренинг
Оқушылардың арасында өзара сыйластықты, сенім мен қолдауды арттыру арқылы жағымсыз қарым-қатынастың алдын алу, бір-біріне құрметпен қарау, мейірім таныту және ынтымақтастықты дамыту арқылы буллингке жол бермеу мақсатында 8-сынып оқушыларымен «Жақсы қарым-қатынас-жарқын өмір!» тақырыбында тренинг өткізілді. Оқушылар топқа бөлініп, бір-бірімен жақынырақ араласуға мүмкіндік алды. «Сергіту сәті», «Пазл», «Бөтелке ішіндегі сөз», «Әріптермен сөз құрастыру», «Логикалық сұрақтар», «Суретке қарап логикасын тап», «Жылы лебіз» сияқты ойындар мен тапсырмалар жүргізілді. Әр жаттығуда балалардың қолдау көрсетуі, тыңдай білуі, ортақ шешім қабылдауы және бір-бірін құрметтеуі басты назарда болды. Тренинг нәтижесінде оқушылар достық қарым-қатынастың маңызын түсініп, буллингті болдырмаудың ең тиімді жолы — бір-біріне сенім мен сыйластық таныту екенін ұғынды.