17
март
2026
#БУЛЛИНГТІ тоқтатыңыз жобасы аясында жүргізілген жұмыс
Лицейде білім алушылар арасында жағымды психологиялық орта қалыптастыру және буллингтің алдын алу мақсатында психолог тарапынан профилактикалық жұмыс жүргізілді. Жұмыс барысында оқушыларға буллинг ұғымы, оның түрлері, себептері мен салдары туралы түсіндірме берілді. Қатысушылар өзара сыйластық, қолдау көрсету, жанашырлық таныту, жанжалдарды бейбіт жолмен шешу дағдыларын дамытуға бағытталған тапсырмалар орындады. Іс-шара барысында оқушылар берілген тақырып бойынша өз ойларын шығармашылық тұрғыда жеткізіп, буллингтің алдын алу жолдарын көрсете отырып, өз жұмыстарын бейнеролик түсіру арқылы түсіндірді. Бұл тәсіл білім алушылардың тақырыпты терең түсінуіне, мәселенің маңызын ұғынуына және өз көзқарасын еркін жеткізуіне мүмкіндік берді.