Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
22
сентябрь
2025

10-сынып оқушыларымен жүргізілген тренинг

Тақырыбы: «Буллинг – әлсіздіктің белгісі, мейірім – батырлық!»

Мақсаты: достық қарым-қатынасты нығайту, оқушылардың бір-біріне сенім мен қолдау көрсету дағдыларын дамыту және сыныпта жағымды психологиялық ахуал қалыптастыр.


10-сынып оқушыларымен буллингтің алдын алу және олардың арасындағы қарым-қатынасты жақсарту мақсатында арнайы тренинг жүргізілді. Оқушылар топтарға бөлініп, түрлі ойындар мен жаттығулар орындады. Шар арқылы қойылған логикалық сұрақтарға жауап беру олардың ойлау қабілетін жетілдіріп қана қоймай, бір-біріне қолдау көрсетуге үйретті. Пазл құрастыру тапсырмасы бірлесіп әрекет етуге бағытталып, достық тақырыбындағы сурет арқылы ынтымақтастықтың маңызын айқындады. «Бөтелке ішіндегі сөздер» ойыны барысында әр оқушы жеке ізденіп, тапқан сөзін ортақ нәтижеге қосып, топтың жұмысына үлес қосты. Суретке қарап логикалық байланысты табу ойыны шығармашылық пен қиялды дамытты. Ал «жылы сөздер» жаттығуы сыныпта жағымды эмоциялар тудырып, оқушылардың бір-біріне сыйластықпен қарауына ықпал етті.