12
январь
2026
8-сынып оқушыларымен жүргізілген тренинг
Лицей психологтары 8 "Ә" сынып оқушыларымен оқушыларға эмоция түрлерін таныту, өз сезімдерін тану және түсіну дағдыларын қалыптастыру, эмоцияларын қауіпсіз әрі дұрыс жолмен басқаруға үйрету, өзін-өзі реттеу қабілетін дамыту мақсатында «Эмоциялар және оларды басқару» тақырыбында тренинг өткізді.
Тренинг барысында интерактивті жаттығулар, топтық жұмыс және пікір алмасу жүргізілді. Оқушылар эмоциялардың мінез-құлыққа әсерін түсініп, жағымсыз эмоцияларды басқарудың тиімді тәсілдерімен танысты.
Тренингке қатысқан оқушылар өз эмоцияларын тану мен ажырату қабілеттерін көрсетті, эмоционалдық жағдайын бақылаудың маңыздылығын түсінді. Қарым-қатынас барысында сабыр сақтау, ашу мен қобалжуды реттеу дағдыларының қалыптасуы байқалды. Сыныптағы өзара түсіністік пен психологиялық ахуалдың жақсаруына оң әсер етті.