Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
10
сентябрь
2025

6-сынып оқушыларымен жүргізілген тренинг

Оқушыларды өзара сыйластыққа, достыққа және мейірімділікке тәрбиелеу, жағымды көңіл-күй қалыптастыру, қарым-қатынас мәдениетін дамыту мақсатында                6-сынып оқушыларымен «Жақсы көңіл-күй және сыйластық»  тақырыбында семинар-тренинг жүргізілді. Тренинг барысында оқушылар бір-біріне жылы тілектер айту арқылы жақсы әсер сыйлап, өз сезімдерін бөлісті. «Шаттық шеңбері» жаттығуы арқылы оқушылар сыныптастарымен жағымды қарым-қатынас орнатып, «Көңіл-күй гүлдері» ойыны арқылы өз эмоцияларын білдірді.«Сыйластық қазынасы» тапсырмасында сыйластықтың маңыздылығы туралы ортақ пікір қалыптастырылды. «Жақсы сөз – жан азығы» ойыны арқылы оқушылар бір-біріне жылы сөздер айтып, достық қарым-қатынастың қуат алатын көзі екендігін түсінді. Сергіту сәтінде қимыл-қозғалыс арқылы көңілдері көтеріліп, белсенділіктері артты.