Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 6-7 сынып оқушыларымен жүргізілген «Сенімді қадам!» тақырыбындағы психологиялық тренинг
23
апрель
2025

6-7 сынып оқушыларымен жүргізілген «Сенімді қадам!» тақырыбындағы психологиялық тренинг

Тақырыбы: «Сенімді қадам!»

Мақсаты: Оқушылардың ішкі сенімділігін арттыру, мазасыздықты төмендету, эмоционалдық тұрақтылықты қалыптастыру және өзін-өзі бағалауды нығайту арқылы мектептегі және күнделікті өмірдегі қиындықтарды жеңе білу дағдыларын дамыту.


          Тренинг барысында оқушылар әртүрлі сергіту, танысу және релаксациялық жаттығуларға қатысып, өз-өзін тану мен бағалауға бағытталған ойындар арқылы жағымды эмоциялар алып, сенімділік пен өзіндік бағаларын нығайтуға мүмкіндік алды. Топпен жұмыс жасау барысында балалар бір-біріне қолдау көрсетіп, жағымды қарым-қатынас орнатуға дағдыланды. Тренинг барысында «Өзіңді мақта!», «Сыр сандық» және де сергіту жаттығулары жүргізілді.

         Тренинг соңында оқушылар өз әсерлерімен бөлісіп, психологиялық қолдаудың маңыздылығын түсініп, жақсы көңіл күймен тарасты. Жаттығулар оқушылардың психоэмоционалды әл-ауқатын жақсартуға оң әсерін тигізді.