08
сентябрь
2025
5-сынып оқушыларымен жүргізілген тренинг
Оқушылардың жаңа ортада достық қарым-қатынас орнатуына жағдай жасау, өзара сенімділік пен сыйластықты дамыту, бір-біріне қолдау көрсетуге үйрету мақсатында 5-сынып оқушыларымен «Жаңа достар әлемі» тақырыбында тренинг жүргізілді. Тренинг барысында оқушыларға достықтың маңыздылығы түсіндіріліп, олардың жаңа ортаға бейімделуіне, бір-бірімен жақынырақ танысуына мүмкіндік берілді. «Шаттық шеңбері», «Сенім көпірі», «Сәйкестікті тап», «Достық суреті», «Атом – молекула», «Эстафета», «Шар мен стакан», «Достық ағашы» сияқты ойындар мен жаттығулар жүргізілді. Әр тапсырма барысында балалардың бір-біріне сенімі, қолдауы және ынтымақтастығы айқын көрінді.