7-сынып оқушыларымен жүргізілген тренинг
7 «В» сынып оқушыларымен сынып сағатында «Буллинг және лудоманияның алдын алу» тақырыбында психологиялық тренинг өткізілді. Тренинг барысында оқушыларға буллинг пен лудоманияның психологиялық және әлеуметтік зияны, олардың адам психикасына және мінез-құлқына тигізетін кері әсері туралы кеңінен ақпарат берілді. Сонымен қатар, олардың алдын алу жолдары, қорғану тәсілдері, қиын жағдайларда көмек сұрай білу дағдылары түсіндірілді.Оқушыларды достыққа, мейірімділікке, өзара құрмет пен қолдауға баулу мақсатында түрлі сергіту және топтық жаттығулар жүргізіліп, жағымды эмоционалдық көңіл-күй қалыптастыруға көңіл бөлінді. Ойын түріндегі тапсырмалар арқылы оқушылардың қарым-қатынас мәдениеті, өзін-өзі ұстау, топта жұмыс істей білу, эмоцияны басқару қабілеттері дамытылды.
