Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Оқушылар “Д.А. Қонаев музейіне” саяхат жасады
22
январь
2025
Оқушылар “Д.А. Қонаев музейіне” саяхат жасады
22.01.2025ж. күні М.Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейдің 9 “Г” сынып оқушылары “Д.А. Қонаев музейіне” барып, оқушыларға мектептен тыс сабақ өтілді. Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев музейі Алматы қаласындағы, демек, Қазақстандағы халық ең көп баратын музейлердің бірі болып табылады. Музей жұмысының мақсаты және міндеті – Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаев туралы естеліктеді мұқият сақтау.Музейдің негізі – Д.А. Қонаевтың дүниеге келген сәтінен бастап өмірінің соңына дейін көрнекті мемлекет
Қалалық семинар: «Заманауи сабақты ұйымдастыру: жасанды интеллектінің мүмкіндіктері мен артықшылықтары»
22
январь
2025
Қалалық семинар: «Заманауи сабақты ұйымдастыру: жасанды интеллектінің
22.01.2025ж. күні Алматы қаласы, Бостандық ауданы, М.Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейде «Заманауи сабақты ұйымдастыру: жасанды интеллектінің мүмкіндіктері мен артықшылықтары» қалалық семинар өтті. Лицей директоры Шажабаева Кульжан Сауытовна семинардың маңыздылығына тоқталды. Директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары Слямова Нургуль Рахманкуловна семинардың негізгі мақсаттары мен міндеттері туралы айтты.  “Цифрлық трансформация және ЖИ: білім беру үдерісін оңтайландыру” лицей
Лицейімізде қалалық семинар-практикум өткізілді
22
январь
2025
Лицейімізде қалалық семинар-практикум өткізілді
2025 жылдың 22 қаңтар күні М.Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейде «Заманауи сабақты ұйымдастыру: жасанды интеллектінің мүмкіндіктері мен артықшылықтары» тақырыбында қалалық семинар-практикум болып өтті. 🔰Семинардың мақсаты: “Табысты мектеп - 2024” жобасы және Алматы қаласын дамыту бағдарламасы аясында білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту мақсатында халықаралық зерттеулерден үздік саналатын Сингапур мемлекетіне шетелдік тағылымдамадан өтіп, біліктілігін арттырған
Ғылыми танымдық сабақ: «Кішкентай пластиктің үлкен проблемасы»
21
январь
2025
Ғылыми танымдық сабақ: «Кішкентай пластиктің үлкен проблемасы»
21.01.2025ж.6 «А» сынып оқушыларының қатысуымен «Кішкентай пластиктің үлкен проблемасы» тақырыбында ғылыми танымдык сабақ өткізілді. 🔰Мақсаты: Оқушыларды пластиктер және микропластиктер жайлы мағлұматтармен таныстыру, микропластиктен ластануды азайтуға ат салысуға бағытау, сонымен қатар экологиялық талқылау, оқушылардың сөздік қорын молайту, сыни ойлауын дамыту. Сарапшылар: 10 «А»,«Б»  сынып оқушылары.
Шахмат үйірмесі өткізілді
21
январь
2025
Шахмат үйірмесі өткізілді
21.01.2025 ж. М.Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейде шахмат үйірмесі өткізілді. Бұл үйірме оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытуға, стратегиялық шешімдер қабылдау дағдыларын қалыптастыруға және өзара ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған. Үйірмеге әртүрлі жастағы оқушылар қатысып, шахмат ойынының ережелері, тиімді тактикалар мен стратегиялар бойынша жаңа білім алды. Жетекші жаттықтырушы қатысушыларға әртүрлі ойын әдістерін түсіндіріп, олардың практикалық дағдыларын арттыру үшін
Түсініктеме жұмыстары: «Жол қозғалысы ережелері»
21
январь
2025
Түсініктеме жұмыстары: «Жол қозғалысы ережелері»
21.01.2025ж.М.Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицей инспекторы Әлжанов Арман және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қуандықова Алия Сейілханқызы оқушыларға «Жол қозғалысы ережелері», «Балалар жарақаты» тақырыпта түсініктеме жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында оқушыларға жол қауіпсіздігі ережелерін сақтау және жарақаттардың алдын алу жолдары туралы кеңестер берілді. Мұндай бастамалар балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және олардың жауапкершілігін арттыру үшін өте маңызды.  
Лицей ұстаздары шеберлік сабақ өтті
20
январь
2025
Лицей ұстаздары шеберлік сабақ өтті
20.01.2025ж.М.Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицей ұстаздары: 1) Физика пәні мұғалімі Қанафина Жаңагүл Несіпбайқызы «Оқшылардың ғылыми танымдық дағдыларын қалыпастыру арқылы шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту және ғылыми-зерттеу үдерісіне баулу»  2) Ағылшын тілі пәні мұғалімі Алимбекова Халима «XXI ғасыр оқушыларының ағылшын фукнционалдық сауаттылықтарын арттырудағы негізгі дағдыларды дамыту» тақырыптары бойынша шебер сабақ көрсетіп,өз тәжірбиелерімен бөлісті.
Кәсіби бағдар беру жұмыстары
20
январь
2025
Кәсіби бағдар беру жұмыстары
 20 қаңтар 2025 жылы KIMEP университетінде кәсіби бағдар беру жұмыстары сәтті өткізілді. Іс-шара барысында университеттің өкілдері талапкерлерге білім беру бағдарламалары, оқуға түсу талаптары, сондай-ақ студенттік өмірдің ерекшеліктері туралы толық ақпарат берді. Бұл мүмкіндік жастарға болашақ мамандықты дұрыс таңдауға, жоғары білім алудың артықшылықтарын түсінуге және университеттің мүмкіндіктерімен танысуға көмектесті. 🔗 KIMEP университетінде білім алу сіздің болашағыңызға сенімді қадам
Сынып сағаты: «Тарихқа құрмет»
20
январь
2025
Сынып сағаты: «Тарихқа құрмет»
20.01.2025ж.7 «В» сыныбында «Тарихқа құрмет» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. 🔰Мақсаты: -жас ұрпақты тарихи құндылықтарымызбен таныстыру, тарихи ескерткіштеріміз – мәдени мұраларымызды қастерлеп сақтауға, құрметтеуге шақыру.  -Ескерткіштер туралы оқушыларға мағлұмат беру, түрімен таныстыру, көненің көзі, болашаққа аманат екенін түсіндіру. - Ұлттық тарих үшін ерекше маңызы бар елеулі мәдени-тарихи және сәулет ескерткіштері арқылы оқушыны ұлтжандыққа тәрбиелеу.
Республикалық «Зерде» конкурсының қалалық кезеңі
20
январь
2025
Республикалық «Зерде» конкурсының қалалық кезеңі
2-7 сынып оқушылары арасында зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларынан XX Республикалық «Зерде» конкурсының қалалық кезеңінің Этномәдениеттану секциясы бойынша  6«А» сынып оқушылары: 1.Иманғали Нұртас 2.Каримтаева Фатима II дәрежелі дипломдарымен марапатталды. Жетекшісі:Назарбекова Мейрамкуль