Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мамандандырылған білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау басталды
02
февраль
2026

Мамандандырылған білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау басталды

Мамандандырылған білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау 1-ақпан мен 15-сәуір аралығында qabyldau.daryn.kz порталында жүргізіледі
✅Тіркеуге қажетті құжаттар тізімі:
1) көрсетілетін қызметті алушының өтініші;
2) ЖСН көрсете отырып, баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
3) баланың электрондық мекенжайын көрсете отырып, оқу орнынан ұйымның
мөрімен расталған фотосуреті бар анықтама;
4) баланың 3х4 көлеміндегі 2 дана фотосуреті;

🔰Қабылданатын білім алушылардың жалпы санының 15% мөлшерінде іріктелетін әлеуметтік осал санаттағы халықтың қатарына мыналар жатады:
- жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; 
- ⁠мүгедектігі бар балалар;
көпбалалы отбасылардан шыққан балалар (аналары “Алтын алқа”, “Күміс алқа” алқаларымен марапатталған, бұрын “Батыр ана” атағын алған, сондай-ақ “Ана даңқы” І және II дәрежелі ордендерімен марапатталғандар);
- атаулы мемлекеттік әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар, сондай-ақ атаулы әлеуметтік көмек алмайтын (жан басына шаққандағы табысы күнкөріс деңгейінен төмен) отбасылардан шыққан балалар;
- ⁠бірінші топтағы мүгедектігі бар ата-аналардың балалары;
- ⁠мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған немесе асырап отырған отбасылардың балалары;
- ⁠отбасында тұратын жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; 
- ⁠төтенше жағдайлар салдарынан шұғыл көмекке мұқтаж отбасылардан шыққан балалар;
- ⁠мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді, әскери қызметті атқару кезінде, ғарыш кеңістігіне ұшу немесе ұшу дайындығы барысында қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасыларындағы балалар.

✅Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласындағы оқушылар үшін бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші және оныншы сыныптарға қабылданатын жалпы оқушылар санының
5% мөлшерінде, квоталарды бекітеді.