Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
22
январь
2025

Лицейімізде қалалық семинар-практикум өткізілді

2025 жылдың 22 қаңтар күні М.Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейде «Заманауи сабақты ұйымдастыру: жасанды интеллектінің мүмкіндіктері мен артықшылықтары» тақырыбында қалалық семинар-практикум болып өтті.
🔰Семинардың мақсаты: “Табысты мектеп - 2024” жобасы және Алматы қаласын дамыту бағдарламасы аясында білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту мақсатында халықаралық зерттеулерден үздік саналатын Сингапур мемлекетіне шетелдік тағылымдамадан өтіп, біліктілігін арттырған ұстаздардың тәжірибесін тарату.
 
🔰Лицей директоры Шажабаева К.С. семинарымыздың алғы сөзін алып,  ұжымды тиімді басқару жайында және жүйелі құрылған басқару тәсілін көрсетті. Іс-шара жоспарына сай халықаралық тағылымдамадан өткен ұстаздар өз тақырыптары бойынша өзекті мәселелермен бөлісе отырып, сабақтың барлығы зерттеуге бағытталу керектігі, Сингапур мемлекетінің халықаралық зерттеулер бойынша әлемде І орында тұрғанын баса назарда ұстап, Қазақстанның білім жүйесінде сол дәрежеге жеткізу керектігін айтып өтті.
Семинар арасында лицей психологтары тренинг өткізіп, жақсы көңіл күй сыйлады. Семинар соңында келген қонақтар кері байланыс берді.