Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Тәжік–Ауған шекарасында қызмет сарбаздармен тағылымды кездесу өткізілді
05
февраль
2026

Тәжік–Ауған шекарасында қызмет сарбаздармен тағылымды кездесу өткізілді

05.02.2026 ж. М. Ганди атындағы №92мамандандырылған лицейде 10-сынып оқушыларының қатысуымен Қазақстан Республикасының Тәжік–Ауған шекарасында қызмет еткен Қазақстан батальоны сарбаздарының елге оралғанына 25 жыл толуына орай тағылымды кездесу өтті.
Кездесу барысында ардагерлер өздерінің өмір жолы мен елге қызмет етудегі ерлігі туралы әсерлі әңгімелер айтып, жас ұрпаққа патриоттық рух пен тағылымды тәрбие берді.
Оқушыларымыз өнер көрсетіп, патриоттық әндер орындады 🎶, тәрбиелік мәні зор көріністер қойды, сондай-ақ жауынгерлік дайындық элементтерін көпшілік назарына ұсынды 💪🇰🇿
Бұл кездесу – өскелең ұрпақты отансүйгіштікке, ерлік пен бірлікке тәрбиелеудің жарқын үлгісі болды.
✨ Ерлік ешқашан ұмытылмайды! ✨
🎖 Кездесуге қатысқан ардагерлер:
* Өтешов Марат Уалиханұлы
* Утепбергенов Жұмағазы Сейтқазыұлы
* Қордабаев Ералы Рахимқалиұлы
👥 Ұйымдастырушылар:
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары — Қуандықова Алия Сейілханқызы, Әлімқұлов Жандос, алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі — Жүрекбаев С.С.