Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Онлайн конференция: «Жалпы білім беретін мектептердегі өрт қауіпсіздігінің жалпы ережелері»
21
апрель
2025
Онлайн конференция: «Жалпы білім беретін мектептердегі өрт
21.04.2025ж. күні  Махатма Ганди атындағы №92 лицейдің 7-8 сынып оқушылары ҚР ТЖМ  Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің «Жалпы білім беретін мектептердегі өрт қауіпсіздігінің жалпы ережелері» тақырыбындағы  онлайн конференцияға қатысыты. Жалпы 234 оқушы қатысқан бұл конференцияның маңызы өскелең ұрпақ үшін өте маңызды. Конференция барысында Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары өрт қауіпсіздігі бойынша негізгі ережелерді түсіндіріп, әртүрлі өрт жағдайларында дұрыс әрекет
Әдеби кеш: «Өлеңмен өрілген өмір»
18
апрель
2025
Әдеби кеш: «Өлеңмен өрілген өмір»
18.04.2025ж. күні «Мектептен тыс оқыту-білім көзін кеңейту» жобасы аясында Жамбыл атындағы жасөспірімдер кітапханасында өткен ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Оразақын Асқардың туғанына 90 жыл толуына орай өткен «Өлеңмен өрілген өмір» атты әдеби кешке лицейдің 8 «В» сынып оқушылары, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі З.А. Алмешова, директордың бейіндік оқыту жұмысы жөніндегі орынбасары М.Б. Абылқасым қатысты. Лицей оқушылары ақынның өлеңдерін оқып, алғыс хатпен марапатталды.
Ашық сабақ: «Деректер қорын әзірлеу»
18
апрель
2025
Ашық сабақ: «Деректер қорын әзірлеу»
18.04.2025ж. Информатика  пәні мұғалімі Бахиева Калима  10«Ә» сыныбында «Деректер қорын әзірлеу» тақырыбында ашық сабақ өткізді. 🔰Оқыту мақсаты:Оқушыларды деректер қоры ұғымымен, оның түрлерімен таныстырып, деректер қорын құру тәсілдерін қолдана отырып, компьютермен жұмыс жасауға машықтау
Оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлының төрағалығымен өткен онлайн кеңес
16
апрель
2025
Оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлының төрағалығымен өткен онлайн кеңес
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлының төрағалығымен өткен онлайн кеңеске Алматы қаласының педагог-шеберлері қатысты. Кездесу кәсіби тәжірибе алмасу, үздік педагогикалық әдістемелерді тарату және білім беру сапасын арттыру мақсатында ұйымдастырылды. Кездесу барысында министр білім беру саласындағы өзекті мәселелерге тоқталып, мұғалімдердің ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Педагог-шеберлер өз тәжірибелерімен бөлісіп, оқу үдерісін жетілдіруге бағытталған тың идеялар мен
Ата-аналар жиналысы: «Ата-ана мен бала арасындағы психологиялық байланыс»
16
апрель
2025
Ата-аналар жиналысы: «Ата-ана мен бала арасындағы психологиялық
16 сәуір 2025 жылы 10 «Ә» сыныбында «Ата-ана мен бала арасындағы психологиялық байланыс» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті. 🔰Күн тәртібінде: 1.    ІІІ тоқсан қорытындысы.2.    10-сынып оқушыларының қорытынды аттестаттауы туралы.3.    Ата-аналардың бала тәрбиесіндегі құқықтық жауапкершілігі.4.    Біз сыбайлас жемқорлықсыз әлем үшін.5.    Денсаулықты күту және дұрыс тамақтану мәдениеті.6.    Отбасындағы құқықтық  тәрбиенің берілуі.7.    Жолда жүру ережелері (мопед, самокат, велосипед) айдауға
Қазақстан Республикасы теміржол көлігінің ұлттық мұражайына саяхат
15
апрель
2025
Қазақстан Республикасы теміржол көлігінің ұлттық мұражайына саяхат
15.04.2025ж. “Мектептен тыс оқыту - білім көзін кеңейту” жобасы аясында география пәні бойынша 7 “Ә” сынып оқушыларына көлік инфрақұрылымы тақырыбындағы сабақ Қазақстан Республикасы теміржол көлігінің ұлттық мұражайында өтілді.  🔰Мақсаты:Оқушыларға теміржол көлігінің маңыздылығы, бағыттары, ерекшеліктері туралы айтылды. Оқушылар теміржол көлігінің түрлерін көріп, білімдерін жетілдіре түсті.
Ата-аналар жиналысы: “ВПЧ вакцинациясы денсаулықты қорғаудың маңызды қадамы"
15
апрель
2025
Ата-аналар жиналысы: “ВПЧ вакцинациясы денсаулықты қорғаудың маңызды
Лицеймізде “ВПЧ вакцинациясы денсаулықты қорғаудың маңызды қадамы болып табылады” тақырыбында  денсаулық сақтау өкілдерінің қатысуымен ата-аналар аудандық жиналыс өткізілді. 🩺 Мамандар ата-аналарға адам папиллома вирусына (ВПЧ) қарсы вакцинацияның маңыздылығы, аурулардың алдын алудағы рөлі, қауіпсіздігі мен тиімділігі жайлы кеңінен түсіндірді. Сонымен қатар ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға толық әрі нақты жауаптар берілді. 🔍 Жиналыс нәтижесінде көптеген ата-ана маңызды мәліметтерге
Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде өткен ашық есік күні
15
апрель
2025
Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде
15.04.2025ж. М.Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицей 10«А» сынып оқушылары Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде өткен ашық есік күніне қатысты.
Лицеймізде көрнекті әдебиеттанушы, ғалым Елдос Тоқтарбаймен әсерлі кездесу өтті
15
апрель
2025
Лицеймізде көрнекті әдебиеттанушы, ғалым Елдос Тоқтарбаймен әсерлі
Лицеймізде көрнекті әдебиеттанушы, ғалым, жазушы Елдос Тоқтарбаймен әсерлі кездесу өтті. Оқушылармен жүздесу барысында ол ана тіліміздің қадір-қасиеті жайлы терең ой қозғап, тілді сүюге, құрметтеуге шақырды. «Тілің – ұлтыңның жаны» деген ұлағатты сөздің мәнін Елдос Тоқтарбай ағамыз өз өмір жолымен, білім мен парасаттың үлгісімен айқындап берді. Кездесу жастардың жүрегіне от жаққандай әсерлі өтті. Білімнің де, мәдениеттің де бастауы — ана тілі екенін тағы бір мәрте сезіндік!
Жоба: “Мектептен тыс оқыту - білім көзін кеңейту”
14
апрель
2025
Жоба: “Мектептен тыс оқыту - білім көзін кеңейту”
Физика-информатика айлығының аясында 9 “Ә” сынып оқушылары “Мектептен тыс оқыту - білім көзін кеңейту” жобасы аясында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Процестік инновациялар орталығының жұмысымен танысты. Орталықта Инжиниринг және жоғары технологиялар кластері мен Жерді қашықтықтан зондтау орталығы табысты жұмыс істеп, инновациялық жобаларды жүзеге асырады.  Университет қабырғасында дайындалған «Al-Farabi-1» және «Al-Farabi-2» наноспутниктері туралы ақпарат берілді. Ғарыштық робототехника мен STEM