Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
06
февраль
2026

11-сынып оқушыларымен жүргізілген тренинг

Лицей психологтары 11 «А»  сынып   оқушыларының емтихан алдындағы мазасыздық деңгейін төмендету, өзіне деген сенімділігін арттыру және стресске төзімділік дағдыларын қалыптастыру мақсатында  «Сәттілікке бастар жол»  тақырыбында тренинг жүргізді.
📋 Тренингтің барысы: 
1.    «Менің көңіл-күйім» жаттығуы: Тренингтің шымылдығы оқушылардың ағымдағы эмоционалдық жағдайын анықтаудан басталды. Бұл кезеңде қатысушылар өздерінің ішкі сезімдерін бөлісіп, топта жағымды, сенімді ахуал қалыптастырды.2.    «Қар қиыршықтары» әдісі: Бұл жаттығу арқылы әрбір оқушының ерекшелігі мен қайталанбас тұлға екендігі көрсетілді. Оқушылар нұсқаулық бойынша қағаздан қар қиыршықтарын қию арқылы бірдей ақпаратты әркім әртүрлі қабылдайтынын және әр адамның мүмкіндігі шексіз екенін түсінді. Бұл оқушылардың өзгемен салыстырудан арылып, өз күшіне сенуіне ықпал етті.3.    «Жүрекке жол: Мотивациялық мозаика» жаттығуы: Тренингтің практикалық қорытынды бөлімінде оқушыларға жүрек пішінді пазл бөлшектері таратылды. Әр оқушы өз пазлына емтихан алдындағы жігер беретін мотивациялық сөздерін жазып, ортақ «Сенім жүрегін» құрастырды. Бұл жаттығу сыныптың бірлігін нығайтып, оқушыларға психологиялық қолдау мен эмоционалдық жеңілдік сыйлады.