Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
13
октябрь
2025

8-сынып оқушыларымен жүргізілген тренинг

Тақырыбы: «Мен және менің эмоцияларым»
Мақсаты: Оқушылардың эмоционалдық интеллектісін дамыту, өз эмоцияларын тану, түсіну және оларды басқару дағдыларын қалыптастыру; жағымды қарым-қатынас орнату мен өзін-өзі реттеу қабілетін жетілдіру.
 Тренинг барысы:
 - «Эмоцияны ата» ойыны арқылы оқушылар әртүрлі эмоцияларды сипаттап, оларды тануға тырысты.  
- «Эмоция күнделігі» жаттығуы арқылы қатысушылар соңғы уақытта басынан кешкен сезімдерін жазып, олармен жұмыс жасады.  
- Топтық сергіту және релаксациялық жаттығулар арқылы жағымды эмоционалдық орта құрылды.  
- «Қиын эмоциямен күресу» тақырыбында шағын пікірталас ұйымдастырылды.