8-сынып оқушыларымен жүргізілген тренинг
Тақырыбы: «Көңіл-күй кемесі»
Мақсаты: оқушылардың эмоционалдық көңіл-күйін көтеру, мазасыздық деңгейін төмендету және жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру болды.
2025 жылдың 24 сәуір айында 8-сынып оқушыларына арналған «Көңіл-күй кемесі» тақырыбындағы тренинг өтті. Бұл тренингтің мақсаты – оқушыларға мазасыздықты басқару, эмоционалды күйін реттеу және өзін-өзі түсіну дағдыларын дамыту болды. Тренинг барысында оқушылар көңіл-күйін бағалап, оны басқару тәсілдерін үйреніп, тыныс алу жаттығулары мен релаксация әдістерін қолданылды. Тренинг оқушылардың психологиялық ахуалын жақсартуға және өзара сенімді қарым-қатынасты орнатуға бағытталды.