Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
23
январь
2026

5-11 сынып оқушыларына психологиялық қолдау көрсету

Алматы қаласы Білім Басқармасының «Психологиялық қолдау орталығы» ұйымдастыруымен лицей педагог-психологтары 5–10 сынып оқушыларына арналған психологиялық қолдау іс-шарасын өткізді.

Іс-шара барысында оқушыларға

  •  психологиялық жадынама таратылып,
  •  қобалжуды азайтуға арналған қарапайым тыныс алу әдістері үйретілді,
  •  эмоционалдық жай-күйді тұрақтандыру бойынша пайдалы ұсыныстар мен кеңестер берілді.


11-сынып оқушыларына Ұлттық бірыңғай тестілеуге психологиялық дайындықты арттыру мақсатында «Сабырлы бол — Сен дайынсың!» атты ҰБТ-ге қатысушыларға арналған психологиялық жаднама таратылып, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Аталған іс-шара барысында оқушыларға емтихан алдындағы мазасыздықты төмендету, эмоционалдық тұрақтылықты сақтау, зейінді шоғырландыру және өзіне сенімділікті нығайту жолдары түсіндірілді.

  



Әр бала өзін қауіпсіз, сенімді және жайлы сезінетін ортаға лайық.