Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
апрель
2025

«ҰБТ-сенім мен табыс жолы» тақырыбындағы психологиялық тренинг

Тақырыбы: «ҰБТ-сенім мен табыс жолы»

Мақсаты: Бітіруші 11 сынып оқушыларының алда келе жатқан Ұлттық бірыңғай тестілеуге деген психологиялық дайындығын нығайту, ішкі сенімділіктерін арттыру, уайым мен қобалжуды жеңе білуге үйрету, өз ресурстарын тиімді пайдалануға бағыттау және эмоционалды тұрақтылықты қалыптастыру арқылы табысқа жетуіне мотивация беру.


         Тренинг барысында оқушылар түрлі психологиялық жаттығуларға қатысып, өз бойларындағы қорқыныш, сенімсіздік сияқты жағымсыз сезімдермен жұмыс істеу әдістерін меңгерді. Сонымен қатар, тренинг барысында релаксациялық жаттығулар, топтық талқылау, «Менің табыс формулам», «Сенім көпірі», «Мақсат пен мотивация» сияқты әдістемелік құралдар қолданылды.

        Тренинг оқушылардың бір-бірімен ашық пікір алмасуына, өз ойларын еркін жеткізуіне және алда келе жатқан ҰБТ сынағына психологиялық тұрғыдан дайын болуына үлкен септігін тигізді. Оқушылар тренинг өз ойларымен бөлісіп, мотивациялық қолдау алды.