14
апрель
2025
Семинар-тренинг: «Эмоция әлемінде»
14.04.2025 жылы лицей психологтары мұғалімдердің эмоционалдық интелектісін арттыру, өз эмоцияларын тану, басқару және басқалардың эмоцияларын түсіну дағдыларын дамыту мақсатында жас мамандармен «Эмоция әлемінде» тақырыбында семинар-тренинг жүргізілді. Тренинг барысында қатысушылар эмоция ұғымы мен оның түрлері (негізгі және күрделі эмоциялар) туралы теориялық ақпаратпен танысып, жағымды және жағымсыз эмоцияларды ажырату, оларды басқару жолдарын тәжірибе жүзінде қарастырды.
Жағымды эмоциялар тудыруға бағытталған бұл тренинг мұғалімдерге психоэмоциялық жеңілдік сыйлап, ұжым ішінде сенімді қарым-қатынас орнатуға үлкен мүмкіндік берді. Тренинг барысында қатысушылар өзара әрекеттесу арқылы позитивті көңіл-күйге бөленіп, бір-бірін жақынырақ танып, өз эмоцияларын еркін білдіруге үйренді. Сонымен қатар кәсіби күйзелісті төмендетіп, жұмысқа деген мотивацияны арттыра түсетіні байқалды.