Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
13
ноябрь
2025

11-сынып оқушыларымен жүргізілген тренинг

Тақырыбы: «Мен – жеке тұлғамын!»

Мақсаты: Оқушылардың өзін-өзі тануына, өз бойындағы құндылықтарын ұғынуға, тұлғалық өсуіне ықпал ету. Өзіндік бағалауды қалыптастыру және сенімділік деңгейін арттыру.


Тренинг барысы:  

Тренинг танысу мен сергіту жаттығуынан басталды. Оқушылар шағын топтарға бөлініп, өз-өздерін сипаттайтын тапсырмалар орындады.  

Негізгі жаттығулар:   

  •  «Мен кіммін?» – өзін сипаттайтын сөздерді жазу арқылы ішкі әлемін тану;  
  • «Өмір жолы» – болашақ мақсаттарын жоспарлау, таңдаған мамандығын қорғау;
  •  «Бөлшектен бүтінге» -бірлесіп жұмыс жасау дағдыларын дамыту, тұлғалық тұтастық пен бірліктің маңызын ұғындыру.