Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 9-сынып оқушыларымен жүргізілген «Арманнан мақсатқа: Мен кім болғым келеді?» тақырыбындағы психологиялық тренинг
28
апрель
2025

9-сынып оқушыларымен жүргізілген «Арманнан мақсатқа: Мен кім болғым келеді?» тақырыбындағы психологиялық тренинг

Тақырыбы: «Арманнан мақсатқа: Мен кім болғым келеді?»

Мақсаты: 9-сынып оқушыларына болашақ мамандық таңдауда өзін-өзі тануға көмектесу, кәсіби қызығушылықтарын анықтау, саналы таңдау жасауға мотивация беру және еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар туралы ақпараттандыру арқылы олардың мақсат қоя білу дағдыларын дамыту.


           9-сынып оқушыларына арналған «Арманнан мақсатқа: Мен кім болғым келеді?» тақырыбындағы кәсіби бағдарлау психологиялық тренингі өткізілді. Тренингтің негізгі мақсаты — оқушылардың болашақ мамандық таңдаудағы қызығушылықтары мен бейімділіктерін анықтап, кәсіби бағыт-бағдар беру арқылы саналы шешім қабылдауына ықпал ету. Тренинг барысында оқушылар «Болашақтың бейнесі», «Мен кіммін?» сияқты жаттығуларға қатысып, өз армандары мен мақсаттарын нақтылауға мүмкіндік алды. Сонымен қатар, «Менің болашақ мамандығым» бейнеролигі көрсетіліп, мамандықтар туралы кеңінен ақпарат берілді. Тренинг соңында оқушылар постерлер жасап, өз таңдаған мамандықтары бойынша жобаларын қорғады.

           Бұл тренинг оқушылардың өзін-өзі тануына, болашақ мамандықтарын саналы түрде таңдауға және кәсіби мақсаттарын айқындауға үлкен септігін тигізді.