7-сынып оқушыларымен жүргізілген тренинг
Тақырыбы: «Өмірді сүй,өзіңді сақта»
Мақсаты: Оқушыларға өмірдің құндылығын түсіндіру, өз өзіне деген сүйіспеншілікті қалыптастыру. Сынып ішіндегі қарым қатынасты нығайту. Оқушылардың бір біріне деген сыйластық, қамқорлық сезімдерін арттыру.
Тренинг барысы: Оқушылар бір-бірімен жақынырақ араласуға мүмкіндік алды. «Армандар бұлты», «Кім жылдам?», «Әріптер тартысы», «Ой жұмбақ», «Сандар реттілігі» сияқты түрлі ойындар мен тапсырмалар өткізілді. Әр ойын оқушылардың белсенділігін, ұйымшылдығын және бір-бірін қолдауын дамытуға бағытталды.Тренинг соңында балалар өмірдің қадірін түсініп, өзін бағалау мен сақтау қажеттігін ұғынды. Сондай-ақ достықтың, сыйластықтың және ынтымақтастықтың маңызын сезінді. Бір-біріне көмектесу мен сенім білдірудің ең дұрыс жолы – сыйластық пен қолдау екенін түйді.