Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Жаздық мектеп сабақтарын өту барысы
08
июнь
2022
Жаздық мектеп сабақтарын өту барысы
Жаздық мектеп‼️ 🔆Лицейіміздің 6-сынып оқушыларының жаздық мектеп сабақтарын өту барысы. Жаздық мектепке қатысушы оқушылар сабаққа белсенді қатысуда.
Тақырып: Жас педагогтер арасында сабақты жоспарлау
08
июнь
2022
Тақырып: Жас педагогтер арасында сабақты жоспарлау
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма төрайымы Кұләш Шамшидинова мен жас педагогтер арасында сабақты жоспарлау тақырыбында кездесу өтті. Жас педагогтер арасында лицейіміздің жас маманы, физика пәні мұғалімі Қайратұлы Ақылжан қатысып тәжірибесімен бөлісті.
Робототехникадан лицейішілік жарыс
07
июнь
2022
Робототехникадан лицейішілік жарыс
Лицейімізде кешегі күні жазғы мектеп оқушылары арасында Робототехникадан лицейішілік жарыс өткізілді. Жарысқа оқушылар белсене қатысты. Жазғы мектепке 5-10 сынып оқушылары қуана келіп, қатысып жатыр. Оқушылардың қызығушылығын оятатын көптеген шығармашылық жұмыстар, спорттық ойындар және музыкалық қойылымдар ұйымдастырылуда.  [media=https://www.instagram.com/tv/CeiK1n2jd92/?igshid=YmMyMTA2M2Y=]
Референдум-2022
05
июнь
2022
Референдум-2022
Лицейіміздің ұлағатты ұстаздары осы науқанда өте жақсы белсенділік көрсетіп жатыр, соның ішінде Мықтыбек Таңірберген Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізуін қолдап, 193 участок бойынша референдумға дауыс берді✅
Референдум-2022
05
июнь
2022
Референдум-2022
М.Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейде бүгін өтіп жатқан референдумға жасы үлкен, ақсақалды қария Иманалиев Жаулыбай Қазақстан Республикасының азаматы ретінде , еліміздің болашағына үлес қосу үшін келіп өз дауысын беріп, лицейіміздің оқушылары мен ұстаздарына жүрек жарды тілектерін айтын, ақ батасын беріп кетті.🇰🇿
Референдум-2022
05
июнь
2022
Референдум-2022
Бүгінгі өтіп жатқан референдум бүгінгі таңда әрбір азамат үшін жалпы қазақстандықтардың өміріне әсер ететін өзекті мәселе. Конституциялық референдум: қоғам дамуының болашағы.  Бұл референдум заңнама түрінде еліміздің алдағы дамуына бағыт-бағдар беретін өзгерістерге әкеледі.  Сондықтан референдумға қатысу әр адамның азаматтық борышы деп есептеймін.🇰🇿
4 маусым-Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күні
04
июнь
2022
4 маусым-Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күні
4 маусым Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күніне орай оқушылар арасында сабақ өтілді!
4-маусым Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күні
04
июнь
2022
4-маусым Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күні
Бүгін, маусымның 4-і Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейде салтанатты жиын өтті. 🇰🇿 4-маусым Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күні құтты болсын!👏🏻👏🏻👏🏻
Индия елінің бірінші хатшысы Свами Вивекананда қонаққа келді
04
июнь
2022
Индия елінің бірінші хатшысы Свами Вивекананда қонаққа келді
М.Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейге Индия елінің бірінші хатшысы Свами Вивекананда, Мәдениет орталығының басшысының келу сәті
Қазақстан Республикасындағы Үндістан Елшілігінің өкілдері қонаққа келді
04
июнь
2022
Қазақстан Республикасындағы Үндістан Елшілігінің өкілдері қонаққа
Қазақстан Республикасындағы Үндістан Елшілігінің Свами Вивекананда атындағы мәдени орталығының директоры- Санджай Веди мырза, Үндістан елшілігінің бірінші хатшысы Свами Вивекананда, екінші хатшысы Дигвиджай Патил лицейімізбен танысу, алдағы бірлесіп атқаратын жұмыс жоспарларын талқылау мақсатында лицейімізге келді. Лицей директоры Шажабаева Кульжан Сауытовна қонақтарға лицейдің тыныс- тіршілігімен таныстырып, алда бірлесіп атқарылатын жұмыстарды талқылады.