Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Көрме: “Сенім қызметі”, “Заң және мен”
22
сентябрь
2022
Көрме: “Сенім қызметі”, “Заң және мен”
22.09.2022ж. күні кітапхана меңгерушісі А.Ж. Исагулованың ұйымдастыруымен “Сенім қызметі”, “Заң және мен” атты көрме өтті. Мақсаты: Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру. Ата заңымызға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастырып, шыншыл да әділетті және парасатты тұлғаны қалыптастыру.
Лицей президентін сайлау
22
сентябрь
2022
Лицей президентін сайлау
Бүгін, 22.09.2022 ж. күні М.Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейде Өзін өзі басқару ұйымының мүшелеріне үміткерлер комиссия мүшелері алдында өздерінің мақсат міндеттерімен таныстырды.
Сайыс сабақ: "Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл"
22
сентябрь
2022
Сайыс сабақ: "Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл"
⚜️Тіл мерекесінің апталығы аясында Қазақ тілі пәнінен 6-сыныптар арасында сайыс сабақ өтті 🔷Тақырыбы: Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл Ұйымдастырушылар: Қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімдері Қуанбаева Бағдат, Абдибек Аяулым
Пікірсайыс: “Экология және біз”
21
сентябрь
2022
Пікірсайыс: “Экология және біз”
Лицейде биология пәні бойынша “Экология және біз” тақырыбында пікірсайыс өтті. Оқушылар экологиялық проблемаларды атай отырып, оларды шешу жолдарын, табиғатқа тигізе алар пайдасы туралы өз ойларымен бөлісті.
Ұлдарына жиналысы
21
сентябрь
2022
Ұлдарына жиналысы
Бүгін, 21.09.2022 ж. күні М.Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейдің 8,9,10,11-сынып ұлдарына жиналыс өтті.  🔹Жиналыста ұлдардың тәртібі, сабаққа қатысы, мектеп формасы, қазақ отбасындағы ұл бала тәрбиесінің ерекшеліктері, қоғамдық ортада ұл бала өзін қалай ұстау керектігі жайлы айтылды.
Лицей президентінің үміткерлеріне дауыс беру
21
сентябрь
2022
Лицей президентінің үміткерлеріне дауыс беру
Бүгін лицей президентінің үміткерлеріне дауыс беру өтті.  Лицей оқушылары өз дауыстарын берді. Оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымының негізгі мақсаты – оқушылардың мектепті басқаруға қатысу құқықтарын жүзеге асыру, жарқын ұйымдастырушылық қасиеттері бар жеке тұлғаны тәрбиелеу, өз бетімен шешім қабылдай алатын, жауапты және тәртіпті, дербес таңдау жасауға дайын, белсенді өмірлік ұстанымы қалыптасқан қабілетті көшбасшы тәрбиелеу болып табылады.
Іс-шара: «Kingdom of  three languages»
21
сентябрь
2022
Іс-шара: «Kingdom of three languages»
Тіл мерекесінің апталығы аясында ағылшын тілі  пәнінен «Kingdom of  three languages» атты іс —шарасы 7«Г»  сыныбымен өтілді.  🔸Іс—шараның мақсаты: Өзге тілді үйрену, оны жетік меңгеру — қазіргі кезде заман талабына айналып келе жатыр. Сол себепті тілдің маңызы зор екенін оқушыларға Үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) коммуникативті дағдыларды жетілдіру сонымен қатар оқушылардың ауызша сөйлеуін, есте сақтауын, зейінін, тіл байлығын, дүниетанымын дамыту. Эстетикалық талғамға, өз елінің және
Іс-шара: «English is a global language»
21
сентябрь
2022
Іс-шара: «English is a global language»
⚜️Тіл мерекесінің апталығы аясында ағылшын тілі  пәнінен «English is a global language» атты іс —шарасы 9 "А" және 9 "Ә"  сыныптарымен өтілді.  Іс—шараның мақсаты: Оқушылардың ауызекі ағылшын тілінде еркін сөйлеуін қамтамасыз ете отырып, олардың тілге деген құрметін арттыру.  Іс-шара мектеп кітапханасында өткізілді. Әр сыныптан 4 оқушыдан аталған тақырып бойынша презентация жасап, соларды қорғау жұмыстарын атқарды. Оқушылар ағылшын тілінің қазіргі таңдағы маңыздылығын өз презентацияларында ашып
Ашық сабақ: «Формула. Формула арқылы есептеу»
21
сентябрь
2022
Ашық сабақ: «Формула. Формула арқылы есептеу»
2022жылдың  қыркүйек  айының 21 жұлдызында математика пәні айлығының аясында  5 «а» сыныбының 1-тобында математика пәнінен «Формула. Формула арқылы есептеу» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.  Сабақ барысында АКТ қолданылды.Тапсырмалар «Wordwall» программасында жүргізілді. Бұл программа арқылы сабақ жүргізу әр оқушының сабаққа деген қызығушылығын арттыруға өз септігін тигізді. Оқушылар бірлескен ортада өз ойларын ортаға салып, түрлі мәселе есептерді шешу  дағдысын қалыптастырды. Сабақ мақсатына
Сынып сағаты: «М.Әуезовтың 125 жылдық мерейтойы»
20
сентябрь
2022
Сынып сағаты: «М.Әуезовтың 125 жылдық мерейтойы»
20.09.2022 ж. күні лицейіміздің 10 «В» сынып оқушыларына «М.Әуезовтың 125 жылдық мерейтойы» тақырыбында сынып сағаты өтілді. Мухтар Әуезов шығармаларының үзіндісін рөлдік ойындар арқылы көрсетті.