Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Ашық сабақ: "Бүтін сандар. Рационал сандар"
06
октябрь
2022
Ашық сабақ: "Бүтін сандар. Рационал сандар"
2022 жылдың  қазан айының 6-сы күні математика кафедрасының пән айлығы аясында 6 А сыныбының 1-топ оқушыларымен математика пәнінен , "Бүтін сандар. Рационал сандар" тақырыбында ашық сабақ өтілді. Сабақ әмбебап алгоритмге сай жоспарланған. Сабақты оқушылар жақсы көңіл-күймен бастады.Қайталау оқу анасы демекші , өткен тақырыптар бойынша сұрақтар  қойылып,  ережелер математикалық тілде  айтылды. Деңгейлік тапсырмалар беріліп, жеке, жұптық,топтық жұмыстар  жүргізілді.Оқушылар сабаққа белсене
Ашық сабақ: «Құрамында квадрат түбірлері бар өрнектерді түрлендіру»
05
октябрь
2022
Ашық сабақ: «Құрамында квадрат түбірлері бар өрнектерді түрлендіру»
⚜️2022 жылдың 5-қазанында математика кафедрасының пән айлығы аясында 8А сыныбының  1-тобында алгебра пәнінен «Құрамында квадрат түбірлері бар өрнектерді түрлендіру» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. 🔹Сабақ басында оқушылар топқа бөлініп, сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру мақсатында, «Жүректен жүрекке» әдісі арқылы  бір-біріне сәттілік тіледі.  «Сиқырлы дөңгелекте» жасырылған сұрақтарға жауап бере отырып, оқушылар өздерінің өткен тақырып бойынша алған білімдерін бекітті. Деңгейлік
Дәріс: "Заң және жасөспірім", "Есірткісіз болашақ"
05
октябрь
2022
Дәріс: "Заң және жасөспірім", "Есірткісіз болашақ"
05.10.2022ж. күні 9-10 сынып оқушыларына Алматы қаласы, Бостандық ауданы прокуратура қызметкерлері Баймағанбетов Еркен Дастанұлы, Бекболат Исатай, Қанатова Наиля "Заң және жасөспірім", "Есірткісіз болашақ" тақырыбында дәріс өтті. 🔹Бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі - балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Бұл мәселе қазіргі таңда көкейтесті мәселелердің біріне айналып отыр. 
Пікірсайыс: «Кредиты приносят больше вреда, чем пользы»
05
октябрь
2022
Пікірсайыс: «Кредиты приносят больше вреда, чем пользы»
🔶Дебат үйірмесі бойынша орыс лигасының отырысы өтті. Отырыс барысында «Кредиты приносят больше вреда, чем пользы» тақырыбында пікірсайыс жүргізілді. Мектепішілік дебат үйірмесінде орыс лигасының президенті болып 9 “Ә” сынып оқушысы Олжабаева Анель тағайындалды.
Сынып сағаты: "Адамзат баласының тыныштығын бұзған қауіп-қатер"
04
октябрь
2022
Сынып сағаты: "Адамзат баласының тыныштығын бұзған қауіп-қатер"
🔰4 қазан 2022 жылы 10 "А"  сыныбында "Адамзат баласының тыныштығын бұзған қауіп-қатер" тақырыбында сынып сағаты өтті.  Сынып сағатының мақсаттары:  ✓оқушыларға БАҚ құралдары арқылы әлемдегі бейбітшілік мәселесі туралы мәлімет беру;  ✓жасөспірімдердің көтерілген мәселелер бойынша пікірлерін еркін білдіру дағдыларын дамыту;  ✓оқушыларды отансүйгіштікке, ізгілікке баулу. Сынып жетекшісі: Мунасаева Рая Нуровна
Ашық сабақ: "Оң сандар. Теріс сандар. Координаталық түзу. Қарама-қарсы сандар"
04
октябрь
2022
Ашық сабақ: "Оң сандар. Теріс сандар. Координаталық түзу.
2022 жылдың 4 қазанында математика кафедрасының  пән  айлығы  аясында 6в сыныбының 1-тобында "Оң сандар. Теріс сандар. Координаталық түзу. Қарама-қарсы сандар" тақырыбында ашық  сабақ өткізілді. Сабақ әмбебап алгоритмге сай өтілді. "Әсем - әдемі" тренингі жүргізілді. Білім алушыларды орындарынан тұрғызып, есімдерінің бас әрпінен тұратын өз бойындағы жақсы қасиетті тізбекпен айтқызып, сабақты жақсы көңіл-күймен бастады. "Ширату" жаттығуларын жұппен орындатып, сұрақтарға жауап алды. Білім
Сынып сағаты: "Мәншүк Мәметованың 100 жылдық мерейтойы"
04
октябрь
2022
Сынып сағаты: "Мәншүк Мәметованың 100 жылдық мерейтойы"
🔰04.10.2022ж. күні лицейіміздің 8 «Ә» сыныбына "Мәншүк Мәметованың 100 жылдық мерейтойы" тақырыбында сынып сағаты өтілді. Сынып жетекшісі: Даукен Мөлдір
Сынып сағаты: «Адамзат баласының тыныштығын бұзған қауіп-қатер»
04
октябрь
2022
Сынып сағаты: «Адамзат баласының тыныштығын бұзған қауіп-қатер»
🔰4.10.2022 ж. күні лицейіміздің 10 «Б» сыныбына «Адамзат баласының тыныштығын бұзған қауіп-қатер» тақырыбында сынып сағаты өтілді. 🔹Мақсаты:       Экстремизм, терроризм, радикализм терминдеріне түсінік беру, Қазақстан Республикасындағы лаңкестікпен қарсы күрестің құқықтық негіздері, қазіргі таңдағы ахуал жайы жөнінде мағлұмат беру; Оқушыларды БАҚ құралдары мен ғаламтор материалдарын пайдалана отырып, дамыта оқыту;  Келер ұрпақ жас өренді өмір қауіпсіздігі, жанашырлыққа, бейбіт рухтағы адами
Сынып сағаты: "Адалдық пен әділетсіздік"
04
октябрь
2022
Сынып сағаты: "Адалдық пен әділетсіздік"
🔰04.10.2022ж. күні лицейіміздің 6 «А» сыныбына "Адалдық пен әділетсіздік" тақырыбында сынып сағаты өтілді. Сынып жетекшісі: Несипбергенова Фарида
Сынып сағаты: "Мемлекеттік рәміздерге құрмет- міндет"
04
октябрь
2022
Сынып сағаты: "Мемлекеттік рәміздерге құрмет- міндет"
🔰04.10.2022ж. күні лицейіміздің 9 «Ә» сыныбына "Мемлекеттік рәміздерге құрмет- міндет" тақырыбында сынып сағаты өтілді. Сынып жетекшісі: Матаева Карлыгаш