Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
17
апрель
2026

«Медиация» жобасы сәтті қорытындыланды

«Медиация» жобасы – өз нәтижесін көрсетті

Лицейімізде оқушылар арасындағы келіспеушіліктерді бейбіт жолмен шешу мәдениетін қалыптастыру, медиация тәсілдерін үйрету және қолайлы психологиялық ахуал орнату мақсатында жүзеге асқан «Медиация» жобасы сәтті қорытындыланды.

Жоба нәтижесінде оқушылар арасында достық қарым-қатынас нығайып, өзара түсіністік пен қолдау мәдениеті қалыптасты. Медиация дағдыларын меңгерген оқушылар жанжалдарды бейбіт жолмен шешуге үйреніп, мектепте жағымды психологиялық орта қалыптасты.

✨ Сонымен қатар, ерекше назарды қажет ететін оқушылармен де нәтижелі жұмыстар жүргізіліп, олардың әлеуметтік бейімделуіне оң әсерін тигізді.

📚 Жалпы, «Медиация» жобасы оқушылардың жауапкершілігін арттырып, құқықтық мәдениетін қалыптастыруға және тұлғалық дамуына үлкен үлес қосты.

🏅 Жоба қорытындысы бойынша өткен форумда лицей директоры Шажабаева К.С «Халықаралық ынтымақтастықты нығайту» медалімен марапатталса, медиатор оқушылар «Парасатты медиатор» медаліне ие болды.