Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
16
февраль
2026

10-сынып оқушыларымен жүргізілген тренинг

        Лицей психологтары оқушылардың эмоционалды интеллектін дамыту, өз эмоцияларын тану, түсіну және басқару дағдыларын қалыптастыру, сондай-ақ өзгелердің эмоциялық жағдайын дұрыс қабылдап, эмпатиялық қарым-қатынас орната білуге бағыттау мақсатында  «Эмоция әлемі: Өзімді тану – өзгені түсіну» тақырыбында 10-сынып оқушыларына тренинг жүргізді.
        Эмоциялар – бұл адамның қоршаған ортаға деген қатынасын білдіретін күрделі психологиялық және физиологиялық үдерістер. Олар белгілі бір оқиғаға, жағдайға немесе адамдарға байланысты туындайтын ішкі сезімдік реакцияларды сипаттайды. Эмоциялар адамның мінез-құлқына, шешім қабылдауына және қарым-қатынас жасауына тікелей әсер етеді. 
        Тренинг барысында эмоционалды интеллект ұғымының мәні, оның негізгі аспектілері (өзін-өзі тану, эмоцияны басқару, эмпатия, қарым-қатынас дағдылары) туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар оқушылардың өз эмоцияларын тану, бақылау және тиімді басқару қабілеттерін дамытуға бағытталған практикалық жаттығулар мен топтық жұмыстар жүргізілді. Жұмыс барысында оқушылар белсенділік танытып, жағымды психологиялық ахуал қалыптасты.