Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«XXI ғасыр көшбасшысы» республикалық интеллектуалдық жобасы
09
март
2026
«XXI ғасыр көшбасшысы» республикалық интеллектуалдық жобасы
Білімді жас – ел болашағы! Лицейіміздің дарынды оқушысы Мұхаметқали Арайлым «Хабар» телеарнасындағы «XXI ғасыр көшбасшысы» республикалық интеллектуалдық жобасына қатысып, өз білімін дәлелдеп, сертификат иегері атанды. Жас зияткерімізді шын жүректен құттықтаймыз! Жетістіктеріңіз көп болсын! 💐💐💐 👩🏻‍💼Жетекшісі:Абылқасым М.Б.
Мерекелік концерт: «Әлемді тербеткен нәзіктік»
06
март
2026
Мерекелік концерт: «Әлемді тербеткен нәзіктік»
Көктемнің ең шуақты мерекесі – 8 наурыз қарсаңында мектебімізде әйел затына арналған «Әлемді тербеткен нәзіктік» атты мерекелік іс-шара өтті. Бұл кеш – анаға деген құрметтің, әйелге деген ілтипаттың,нәзіктік пен мейірімнің көрінісі болды. Іс-шараны ерекше ықыласпен дайындап, жүректен шыққан өнерлерін көрсеткен ұйымдастырушылар – 8-сынып оқушылары. Барша аналарымыз бен аруларымызға бақыт, денсаулық, шуақты көктем тілейміз! 
Тұран университетін таныстыру
06
март
2026
Тұран университетін таныстыру
05.03.2026ж. М.Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицей 11-сынып оқушыларына Тұран университетінің студенттері келіп, өз университеттері туралы кеңінен таныстырып, оқу мүмкіндіктері мен студенттік өмір жайында қызықты мәліметтермен бөлісті. Сонымен қатар, 11-сынып оқушыларымен кездесуге техника ғылымдарының докторы, профессор Жанбиров Жумажан Гинаятович арнайы келіп, Тұран университетіндегі білім беру мүмкіндіктері туралы жан-жақты айтып берді. Ол оқушыларға болашақ мамандықты дұрыс таңдаудың
Лебіз сабағы: «Ана – өмірдің шуағы»
05
март
2026
Лебіз сабағы: «Ана – өмірдің шуағы»
8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай лицей кітапханасында «Ана – өмірдің шуағы» атты мерекелік жылылық лебіз сабағы ұйымдастырылды. 💬Іс-шараның мақсаты – оқушылардың бойына асыл жандарымыз аналарды құрметтеу, сыйлау сезімін қалыптастыру, адамгершілік қасиеттерін дамыту және әсемдікті сүйе білуге баулу. Кеш барысында оқушылар аналарға арнаған жүрекжарды тілектерін білдіріп, өлең жолдарын оқып, өз ойларымен бөлісті. Жылы атмосфера мен мейірімге толы сәттер мерекелік көңіл күй сыйлады. Ана –
VIII қалалық педагогикалық оқулар байқауы
04
март
2026
VIII қалалық педагогикалық оқулар байқауы
М.Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицей ұстазы Қабидолдин Қуаныш Тілеуханұлы «XXI ғасырдағы ұлттық сана және білім беру: заманауи педагогтің көзқарасы» тақырыбында өткен VIII қалалық педагогикалық оқуларда 🥉 III орын иегері атанды! Бұл – ұстазымыздың кәсіби шеберлігі мен ізденісінің жемісі. Жеңісіңіз құтты болсын! Алар асуларыңыз көп болсын!