Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
06
март
2026

Тұран университетін таныстыру

05.03.2026ж. М.Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицей 11-сынып оқушыларына Тұран университетінің студенттері келіп, өз университеттері туралы кеңінен таныстырып, оқу мүмкіндіктері мен студенттік өмір жайында қызықты мәліметтермен бөлісті.
Сонымен қатар, 11-сынып оқушыларымен кездесуге техника ғылымдарының докторы, профессор Жанбиров Жумажан Гинаятович арнайы келіп, Тұран университетіндегі білім беру мүмкіндіктері туралы жан-жақты айтып берді. Ол оқушыларға болашақ мамандықты дұрыс таңдаудың маңыздылығын түсіндіріп, өзінің өмірлік тәжірибесіне сүйене отырып, жас ұрпаққа құнды кеңестерімен бөлісті.
Кездесу өте пайдалы әрі әсерлі өтті. Осындай тағылымды кездесулер оқушыларға үлкен мотивация беріп, болашаққа сенімді қадам жасауға бағыт береді.