Сейсмотренировкалық жаттығу өткізілді
Азаматтық қорғаныс күніне орай мектебімізде сейсмотренировкалық жаттығу өткізілді! 🏫 Оқушылар мен мұғалімдер төтенше жағдай кезіндегі қауіпсіздік ережелерін тәжірибе жүзінде пысықтады. Жаттығу барысында жер сілкінісі кезінде дұрыс әрекет ету, эвакуация жолдары және алғашқы көмек көрсету дағдылары көрсетілді. ⛑️ Мұндай іс-шаралар оқушылардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастырып, кез келген жағдайға дайын болуға үйретеді.