Лицей ұстаздары референдумға қатысты
М.Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицей ұстаздары референдумға қатысып, ел болашағына деген жауапкершіліктерін көрсетті. Ұстаздар – тек білім беруші ғана емес, қоғамның белсенді мүшесі. Сондықтан лицей ұстаздары маңызды қоғамдық-саяси науқаннан тыс қалмай, өз таңдауларын жасады. Ел болашағы – әрқайсымыздың қолымызда. Бірге – жарқын болашаққа!