Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
7 «Д» сынып оқушылары ұстаздарды Наурыз мейрамымен құттықтады
19
март
2026
7 «Д» сынып оқушылары ұстаздарды Наурыз мейрамымен құттықтады
22 наурыз — Наурыз мерекесіне орай 7 «Д» сынып оқушылары лицей ұстаздарын құттықтады 🌿 Оқушылар өздерінің жылы лебіздері мен шынайы тілектерін білдіріп, ұстаздарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады 💐✨ Ізгі ниетке толы бұл сәт барша жанның жүрегіне жылулық ұялатты 🤍 Ұстаздарға деген құрмет пен алғыс — әрқашан жоғары. Осындай тағылымды шаралар жас ұрпақтың тәрбиесі мен адамгершілік құндылықтарын нығайта түсетіні сөзсіз 🌟
«Алтын жүрек» қайырымдылық акциясы
19
март
2026
«Алтын жүрек» қайырымдылық акциясы
Алтын жүрек— мейірім мен жанашырлықтың символы 💛 М.Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицей ұстаздары мен оқушылары «Алтын жүрек» қайырымдылық акциясына белсене қатысып, ізгілік пен қамқорлықтың жарқын үлгісін көрсетті. Акция барысында лицей ұжымы бірлік танытып, көмекке мұқтаж жандарға қолдау білдірді. Бұл — тек қайырымдылық қана емес, жүректен шыққан шынайы жанашырлықтың көрінісі. ✨ Жақсылық жасау — әрқайсымыздың қолымыздан келеді!
«Домбыра үні» Балалар флешмобы
19
март
2026
«Домбыра үні» Балалар флешмобы
Ұлттық мәдени мұраны сақтау және насихаттау, өскелең ұрпақты рухани-адамгершілікке тәрбиелеу мақсатында «Адал азамат» Бірыңғай тәрбие бағдарламасына сәйкес, Наурыз мейрамын мерекелеу жөніндегі жоспар-тапсырманы орындау шеңберінде, өткен «Домбыра үні» Балалар флешмобына лицейміздің 9 сынып оқушылары қатысып Қазақстанның жаңа рекордына өз іздерін қалдырды.