Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«XXI ғасыр көшбасшысы» зияткерлік ойыны
11
ноябрь
2025
«XXI ғасыр көшбасшысы» зияткерлік ойыны
Алматы қаласы Білім баскармасының «Алматы дарыны» орталығының ұйымдастыруымен өткен «XXI ғасыр көшбасшысы» зияткерлік ойынының аудандық кезеңінде 🥇І-орын алғаны үшін  М. Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейдің 11 «В» сынып оқушысы Мереке Ақтоты марапатталды. Құттықтаймыз!
6-сынып оқушыларымен жүргізілген тренинг
10
ноябрь
2025
6-сынып оқушыларымен жүргізілген тренинг
Тақырыбы: «Өмірге "ИӘ" деп айт!»  Мақсаты: Оқушылардың өмірге деген оң көзқарасын қалыптастыру, мотивацияны арттыру, өзін-өзі қабылдау мен бағалауға ықпал ету. 6-сынып оқушыларымен «Өмірге "ИӘ" деп айт!» тақырыбында психологиялық тренинг өткізілді. Тренинг барысында оқушылар түрлі психологиялық жаттығуларға қатысып, өздерінің ішкі ресурстары мен өмірлік мақсаттары туралы ой бөлісті. «Жағымды сөздер шеңбері», «Менің таңдауларым», «Өмірге иә деймін, себебі...» атты жаттығулар орындалып,
ХІХ Азия мектеп оқушыларының арасындағы шахматтан чемпионат
05
ноябрь
2025
ХІХ Азия мектеп оқушыларының арасындағы шахматтан чемпионат
«Қош келдің, біздің чемпион»ұранымен лицей ұстаздары мен оқушылары 10 "Б" сынып оқушысы Хажатұлы Алиханды әуежайдан күтіп алды.  Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейінің 10 "Б" сынып оқушысы Хажатұлы Алихан - Шахматтан Азия чемпионы!!!🏆🏆🏆 🧩24 - қазан мен 2 - қараша аралығында Моңғолияның Улан-Батор қаласында өтіп жатқан ХІХ Азия мектеп оқушыларының арасындағы шахматтан чемпионатта классикадан 1 - орын иеленді. Бұл жарыста 9 ұпайдан 7,5 ұпай жинады.  9 турда 7 жеңіс, 1 ойын тең
Шахмат үйірмесі
04
ноябрь
2025
Шахмат үйірмесі
04.11..2025ж.М.Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейі Шахмат үйірмесі өткізілді.     Шахмат үйірмесінің оқушыларға мақсаты: 🧠 Логикалық ойлауын дамыту – оқушыларды терең ойлануға, талдау жасауға, алдағы қадамды болжауға үйрету. 🎯 Зейін мен шыдамдылықты қалыптастыру – ойын барысында сабырлы болуға, асықпай шешім қабылдауға баулу. 🤝 Әлеуметтік қарым-қатынасты дамыту – қарсыласын құрметтеуге, әділ ойнауға, жеңісті де, жеңілісті де дұрыс қабылдауға тәрбиелеу. 🕰 Уақытты тиімді пайдалану – ойынды
Робототехника үйірмесі
04
ноябрь
2025
Робототехника үйірмесі
Робототехника үйірмесі өткізілді. 🧩 Робототехника үйірмесінің мақсаты: -Оқушылардың инженерлік және техникалық ойлау қабілетін дамыту; -Бағдарламалау мен электрониканың негіздерін үйрету; -Командалық жұмыс пен шығармашылық қабілеттерін жетілдіру; -Жасанды интеллект, автоматтандыру және инновациялық технологияларға қызығушылық ояту
9-сынып оқушыларымен жүргізілген тренинг
03
ноябрь
2025
9-сынып оқушыларымен жүргізілген тренинг
Тақырыбы: «Жасөспірімдердің тәуелді мінез-құлқының алдын алу» Мақсаты: Жасөспірімдердің бойындағы тәуелділікке бейімді мінез-құлықтың (интернет, гаджет, зиянды әдеттер және т.б.) алдын алу, психологиялық сауаттылығын арттыру, өз-өзін тану мен бақылау дағдыларын қалыптастыру.   Тренинг барысы: Аталған психологиялық ағартушылық жұмыс жасөспірімдермен топтық және жеке форматта өткізілді. Әңгіме, талқылау, жаттығу және ситуациялық ойындар арқылы оқушылар тәуелділік түрлерімен, олардың психологиялық
Семинар: «AI-Guided Career: Оқушыдан маманға дейінгі жол»
03
ноябрь
2025
Семинар: «AI-Guided Career: Оқушыдан маманға дейінгі жол»
3 қараша күні Алматы қаласында «AI-Guided Career: Оқушыдан маманға дейінгі жол» тақырыбында семинар өтті. Аталған іс-шара мектептердің кәсіби бағдар беру мамандарына арналған болатын. 🔰Семинар барысында жасанды интеллект технологиясын пайдалану арқылы оқушылардың болашақ мамандығын анықтау, кәсіби бағдарлаудың заманауи әдістері мен тиімді бағыттары талқыланды. Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейдің профориентаторы Ереже Мадияр аталған семинарға қатысып, өз тәжірибесін жетілдіріп,
Түсіндірме жұмыстары: құқық бұзушылықтың алдын алу
03
ноябрь
2025
Түсіндірме жұмыстары: құқық бұзушылықтың алдын алу
03.11.2025ж.Алматы қ. ПДБостандық ауданы ПБ КПБ-нің аға жедел уәкілі полиция капитаны Тайкенов Алпамыс Ертайұлы 11-сынып оқушыларына құқық бұзушылықтың алдын алу,интернеттегі қауіпсіздік бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
XIX-шы Азия мектептерінің Шахмат Чемпионаты
24
октябрь
2025
XIX-шы Азия мектептерінің Шахмат Чемпионаты
24 қазан мен қараша айлары аралығында Моңғолияның Улан-Батор қаласында өткен XIX-шы Азия мектептерінің Шахмат Чемпионатында Хажатұлы Алихан рапидтен ІІ орын, 15 жасқа дейінгі командалық есепте🥇I орынға ие болды. Құттықтаймыз!!! Жемісті жеңістерің көп болсын!
Көрме: «Қыран елім-Қазақстан»
21
октябрь
2025
Көрме: «Қыран елім-Қазақстан»
21.10.2025ж.«Қыран елім-Қазақстан» атты Республика күніне орай лицей кітапханасында кітап көрмесі ұйымдастырылды. 🔰Мақсаты : Оқушыларға қазақ халқының өзіндік тарихы, мәдениет, рәміздері бар тәуелсіз ел екенін түсіндіріп, ұлттық сана, рухтық қасиеттерін қалыптастыру. Жас ұрпақты Отанын сүюге және туған еліне деген сүйіспеншілігін арттыру.