6-7 сынып оқушыларымен жүргізілген «Сенімді қадам!» тақырыбындағы
Тақырыбы: «Сенімді қадам!» Мақсаты: Оқушылардың ішкі сенімділігін арттыру, мазасыздықты төмендету, эмоционалдық тұрақтылықты қалыптастыру және өзін-өзі бағалауды нығайту арқылы мектептегі және күнделікті өмірдегі қиындықтарды жеңе білу дағдыларын дамыту. Тренинг барысында оқушылар әртүрлі сергіту, танысу және релаксациялық жаттығуларға қатысып, өз-өзін тану мен бағалауға бағытталған ойындар арқылы жағымды эмоциялар алып, сенімділік пен өзіндік бағаларын нығайтуға мүмкіндік алды.