Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
26
апрель
2025

Химиялық технология факультетінде өткен ашық есік күні

Махатма Ганди атындағы 92 мамандандырылған лицейінің оқушылары химия және химиялық технология факультетінде өткен ашық есік күніне қатысты. Оқушыларды Каумбаев Суннатулла Абдуғаниұлы бастап алып келіп, олардың ғылымға деген ынтасын арттыруға жағдай жасады. 

🔰Іс-шараның мақсаты:
- Оқушыларды университеттің білім беру және ғылыми мүмкіндіктерімен таныстыру. 
- Химия мен химиялық технология саласына деген қызығушылықтарын арттыру. 
- Оқушыларды болашақ мамандықтарын таңдауға қолдау көрсету. 

Ашық есік күні аясында лицей оқушылары интерактивті тәжірибелерге қатысып, ойындар ойнап, жүлделі орындарға ие болды. Бұл олардың білімділігі мен талпынысын тағы да дәлелдеді. 

❇️Шара нәтижелері:
- Университет зертханаларындағы тәжірибелер арқылы оқушылар теория мен практиканың байланысын көрді. 
- Лицей оқушылары ұйымдастырылған ойындарда жеңіске жетіп, арнайы сыйлықтарға ие болды. 
- Университет профессоры және студенттерімен болған ашық пікір алмасу оқушыларға ғылымға жаңа көзқарас сыйлады. 

Махатма Ганди атындағы 92 лицейдің оқушыларының жетістіктері - олардың таланты мен ұстаздарының еңбегінің көрінісі!